Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада коронавирусқа талдау жасайтын 3 зертхана ашылды

Қызылордада коронавирусқа талдау жасайтын 3 зертхана ашылды

BAQ.KZ. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын ПТР әдісі арқылы анықтайтын 3 жаңа зертхана ашылды.

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Пандемия басталғалы облыс көлемінде 6 зертхана жұмыс істеген. Жыл басынан бері коронавирус инфекциясын анықтайтын 3 жаңа зертхана іске қосылды. Атап айтқанда «Lab-Cell» ЖШС, «Invitro» ЖШС және «Геном» ЖШС.

Осылайша өңір зертханаларының қуаттылығы тәулігіне 3 370 талдау жүргізуге жетті.

Зертханалар санының артуы коронавирустық инфекцияны анықтайтын зерттеулерді кең көлемде жүргізуге, індеттің таралу тізбегін ерте анықтауға мүмкіндік береді және алдын алу шараларының тиімділігін арттырады.

Жыл басынан бері облыс бойынша COVID-19 анықтауға барлығы 316 857 ПТР талдауы жүргізілген, 395 адамның індетті жұқтырғаны анықталды. Бүгінгі күні Қызылорда облысында ПТР тестілеу 9 зертханада жүргізіледі. Олардың 4-еуі мемлекеттік, 5-еуі жеке меншік зертхана, - делінген таратылған ақпаратта.

28 ақпан 2021 ж. 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031