Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамдар жиі ішетін дәрінің салдары ауыр болатыны анықталды

Адамдар жиі ішетін дәрінің салдары ауыр болатыны анықталды

Кейбір жағдайда көру қабілетінің нашарлауы да байқалған. Адамда дәрінің құрамына аллергия да болуы мүмкін
 Адамдар жиі ішетін ибупрофен дәрісінің қауіпті салдары болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлыбритания ұлттық денсаулық сақтау қызметіне сілтеме жасап Express хабарлады.
Дәрі қабылдаған жүз адамның кем дегенде біреуінің басы айналып, құсқысы келіп, асқазаны мен басы ауырған.
Кейбір жағдайда асқазан-ішек жолынан қан кету, көру қабілетінің нашарлауы да байқалған. Препаратқа аллергия да болуы мүмкін.
Ибупрофен – қабынуға және ревматизмге қарсы препарат, пропион қышқылының туындысы. Дене қызуын төмендетіп, ауруды басады.
Бұған дейін ресейлік дәрігер Александр Мясников жарнамадағы дәрілерді барынша мұқият ішуге кеңес берген еді. Олардың денсаулыққа пайдасынан гөрі зияны көп, деді ол.

15 ақпан 2021 ж. 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930