Арқалы азаматтың асқар жетістіктері
«Жалпақ жұртыңды құрметтеу – туған өлкеңнің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады», – деп елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, туған жеріміздің бүгіні мен болашағына көз жіберу – уақыт талабы. Туған жердің қадір-қасиетін, оның рухани мәнін жас ұрпаққа одан әрі терең таныта білудің тәрбиелік маңызы зор. Ғасырлар жүгін арқалаған әрбір ұрпақ та өзара сабақтасып, бар жақсыны келер ұрпаққа мұраға қалдырумен келеді. Өмірдің өлмейтіндігі де сонда, адамзат ақылының кеңдігі, адамзат тарихының тұңғиық тереңдігі де осында. Тарих – ата-бабамыздың бізге қалдырған мәдени мұрасы. Оны білу – ұрпаққа парыз.
Сыр елі жыр елі аталса, соның шырайлы бір өңірі – Шиелі жері де өзіндік тарихы бар, салт пен дәстүрге толы. Бұл өңірден небір шайырлар мен шешендер, би мен болыстар, ақындар мен жазушылар, ғалымдар мен ғұламалар, басқа да неше түрлі дарындар шыққан. Бұл мекеннің тарихы тереңнен бастау алған, ақын мен жазушыларға, ғалымдар мен ғұламаларға, шешендер мен билерге бай ел. Шиелі – түркі халқының көсемі Мұстафа Шоқайдың, даңқты диқан Ыбырай Жақаевтың, ғалымдар Әуелбек Қоңыратбайұлы мен Шахмардан Есеновтың отаны. Елді аузына қаратқан – Бұдабай мен Бала би, Нартай Бекежанов та, Шиеліні-Швецарияға теңеген Дәулетбек Байдрахманұлы да осы топырақта өскен.Осы адамдардың бойларындағы айырықша қабілеттілік пен табиғи таланттың осынша шебер ұштасуы, оларды тірі кезінің өзінде-ақ осы бір қасиетті аймақтың ұлы оғландарының қатарына қосты.
Сыр елі жыр елі аталса, соның шырайлы бір өңірі – Шиелі жері де өзіндік тарихы бар, салт пен дәстүрге толы. Бұл өңірден небір шайырлар мен шешендер, би мен болыстар, ақындар мен жазушылар, ғалымдар мен ғұламалар, басқа да неше түрлі дарындар шыққан. Бұл мекеннің тарихы тереңнен бастау алған, ақын мен жазушыларға, ғалымдар мен ғұламаларға, шешендер мен билерге бай ел. Шиелі – түркі халқының көсемі Мұстафа Шоқайдың, даңқты диқан Ыбырай Жақаевтың, ғалымдар Әуелбек Қоңыратбайұлы мен Шахмардан Есеновтың отаны. Елді аузына қаратқан – Бұдабай мен Бала би, Нартай Бекежанов та, Шиеліні-Швецарияға теңеген Дәулетбек Байдрахманұлы да осы топырақта өскен.Осы адамдардың бойларындағы айырықша қабілеттілік пен табиғи таланттың осынша шебер ұштасуы, оларды тірі кезінің өзінде-ақ осы бір қасиетті аймақтың ұлы оғландарының қатарына қосты.
Туған өлке, Кіші Отан, Отан – бұлар әрбір өзін-өзі силай білетін азамат үшін тек ұранды қызыл сөздер емес, ол – туып-өсіп, кіндігің кесілген жерге деген мәңгілік сағыныш пен ұмтылыс. Ол өзінің түп-тамырың шыққан жер үшін мақтанышың және ерекше жауапкершілігің. Патриотизмнің негізі де осы – тек қана жалпы елің емес, сол сияқты туған жеріңді де сыйлау, ардақтау, ұлдарын ұлықтау.
Дәл осы сөздерді, қасиетті Шиелі топырағында туып, өзі таяуда 60-тың сеңгіріне шыққан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, екі рет Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003, 2013 жж.), химия ғылымдарының докторы, профессор Фазылов Серік Драхметұлына арнауға болады. Бүгінгі күні оның ғылымдағы осындай үлкен ғылыми және творчестволық жетістіктері туралы айта отырып, ол оған оңай жетті деп айту қате болар еді.
Ол 1958 жылы Шиелі ауданы Жуан-төбе ауылсоветінде дүниеге келген. Өзінен кейін 7 баланың үлкені болып өсіп ер жетті. Әкесі Драхмет ағамыз пен шешесі Мәриям Алғабас ауылындағы №205 қазақ орта мектебінде қазақ әдебиеті пәнінің аудан бойынша белгілі маман-мұғалімдері еді. Ол кісілерден нәр-білім алған көптеген ауыл жастары кейіннен Шиелі өңірінің әр-салаларының белгілі мамандары болды. Шиеліде Фазыловтар отбасын «ұзтаздар әулеті» деп атайды, себебі осы ұядан шыққан 12 ұстаз жас жеткіншіктерге ұлағатты білім беруде. Серік те жастайынан әке-шеше тәлім-тәрбиесін бойына жұқтырып, өз халқының рухани құндылығын қабылдай білген өнегелі, ойы терең, мінезі байсалды, өз орнын білетін, жора-жолдастарына сыйлы, көпшіл, ақ жарқын мінезді болып өсті.
Білімге деген бойын кернеген құштарлық оны 1975 жылы еліміздің өндірістік өнеркәсібі мен ғылыми орталықтарың бірі Қарағанды қаласына алып келді. Ол 1980 жылы Қарағанды университетін химия мамандығы бойынша үздік бітіріп, өзінің еңбек жолын осы университеттің химия факультетінде мемлекеттік университетінің «химия пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Өзінің еңбек жолын осы университеттің химия факультетінде лаборант, инженер, ассистент-мұғалім болып бастап, ал кейін 1983 жылы Қарағанды қаласындағы жаңадан ашылған Қазақ КСР Ғылым академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы институтында өз жұмысын кіші ғылыми, ғылыми, жетекші ғылыми қызметкер, ғалым хатшы, осы институт директорының ғылыми жұмыс бойынша орынбасары ретінде жалғастырып, ғылыми қызметтің барлық сатыларынан өтті.
Біздің халқымызда «келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» деген мақал бар. Серік Драхметұлы өзінің органикалық химия ғылымының алғашқы табалдырығын аттауына көп себеп болған профессорлар М.Ибраев, Е.Ғафуров, А.Ғазалиев, С.Адекенов, т.б. сияқты ғалым ұстаздарын үлкен құрметпен еске алып отырады.
Көп жағдайда білім мен ғылымды ажыратпаймыз, бұл екеуі бір-біріне өте жақын, дүниетаным нәтижесі, бірақ, бір емес, себебі ғылым білімнен кейін дүниеге келді. «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім іздеңдер» деген тағылым бар. Серікпен бір факультетте бірге оқып, сыйластықтан басталған кезеңіміз кейін үлкен достыққа айналды. Сол кезде-ақ біз оның адами болмысын, азаматтық әлемін бір кісідей танып біліп, оның ғылыми болашағынан зор үміт күтетін едік.
Жас маманның ғылымдағы алғаш қадамы оның ғылыми жетекші – ұстазына көп байланысты. Ол 1984 жылы химия ғылымдарының докторы, професор М.Журиновтың жетекшілігімен Қарағанды мемлекеттік университетінің аспирантурасына түсіп, өзінің ғылыми жолына алғаш қадам басты. Осы жылдардың ғылыми жетістіктері оның органикалық заттардың электрохимиясы саласынан синтетик-ғалым болып қалыптасуына көп әсер етті.
«Құдайым өзгерістер кезеңінде өмір сүруден сақтасын» деген ерте заман философы Конфуцийдің сөздері бар. Оның келесі еңбек жолдары осындай ұлы өзгерістер жылдарына тап келді. 90-жылдардың қиындықтарына қарамастан оның ғылымға деген ізденушілік құштарлығы оны алға жетелеп, ғылымдағы әлі зерттелмеген, жаңа белестерді зерттеуге ұмтылдырып отырды. Ол 1989 жылы Қарағандыдағы Органикалық синтез және көмір химиясы институтындағы өзінің ғылыми ұстаздары професорлар М.Журинов пен А.Ғазалиевтің ғылыми жетекшілігімен «02.00.05-электрохимия» мамандығы бойынша ол «Электроэкстракция және эфедрин алкалоидтарының фосфорлы туындыларының электросинтезі» тақырыбы бойынша кандидаттық, ал 1999 жылы – мамандығы бойынша «Кейбір алкалоидтардың жаңа фосфорқұрамды туындыларының синтезі, құрылымы мен қасиеттері» тақырыбына докторлық диссертациясын қорғап шықты (Алматы қаласы).
Осы жылдары химия ғылымдарының докторы, профессор С.Фазылов биологиялық белсенді заттар химиясы бағытында өзінің жаңа ғылыми бағыттарын дамытты, ол қазіргі заманғы әр түрлі ғылыми зерттеу әдістемелерін орынды және шебер ұштастыра қолдана отырып табиғи алкалоидтар молекулаларын бағытты түрде түрлендірудің жаңа жолдарын жасады. Оның ғылымға деген ізденушілік құштарлығы оны алға жетелеп, ғылымдағы әлі зерттелмеген, жаңа белестерді зерттеуге ұмтылдырып отырды. Ол алғаш рет Қазақстанда органикалық заттарды фуллерен С60 қатысуында синтездеудің, әртүрлі қолданысы кең нанокомпозитті заттарды алудың, жаңа ғылыми бағыт болып келетін микротолқынды және ультра-дыбысты белсендіру технологияларын дамытты, органоминералды сужинағыш тыңайтқыштарды, отынды-көмірлі брикеттерді алудың ғылыми негіздерін зерттеді.
Қазақстан ғылымының белгілі ғалымы С.Фазыловтың негізгі ғылыми нәтижелері 700-ге жуық ғылыми мақалаларында, 18 монографияда, жоғарғы оқу студенттеріне арналған 8 оқулықта, авторлық куәліктер мен ҚР-ның 50 патенттерінде жарық көрді.
«Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші, ол терең ғылыми-зерттеу жұмыстарын ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарымен ұштастыра отырып, биологиялық белсенді органикалық заттар химиясы саласында өзінің шәкірттерімен жаңа ғылыми мектеп қалыптастырды. Оның ғылыми жетекшілігімен шәкірттері осы жылдары 14 кандидаттық, 4 докторлық диссертацияларын қорғады, 2 PhD-докторант диссертацияларын қорғауға дайындауда.Ол әр шәкіртінен жеке тұлғаны көруге тырысады және олардың ғылыми шығармашылық әлеуетінің жан-жақты тұрғыда тереңірек ашылуына үнемі ынтазарлық танытып тұрады. Оның шәкірттері Орталық Қазақстан ғылыми қауымының ішінде өзіндік орны бар, органикалық заттар синтезі мен табиғи заттар химиясы салаларының белгілі ғалымдары дәрежесінде көпшілікке танымал болып табысты еңбек етуде.
Профессор С.Фазыловтың ғылыми жетістіктерін ҚР Білім және Ғылым Министрлігі де өте жоғары дәрежеде бағалап, Қазақстан ғылымы мен техникасының дамуына қосқан үлкен жетістіктері үшін берілетін мемлекеттік стипендияны бірнеше рет (2010-2017 жж.) тағайындады. 2012 жылы оның табиғи заттар химиясы саласындағы жетістіктерін «Научное партнерство» Халықаралық Қоры (Мәскеу қаласы) жоғары бағалап, оны «Алтын белгі» медалі мен Құрмет грамотасымен марапаттады. 2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.
Профессор С.Фазылов қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласып тұрды. Ол 2006-2008 жылдары ҚР Органикалық синтез және көмірхимиясында (ОД 53.39.01) Диссертациялық докторлық кенестің төраға орынбасары, 2014-2018 жж. Е.Букетов атындағы ҚарМУ жанындағы байқау кеңесінің мүшесі, 2010-2019 жж. ҚР БҒМ Ғылым Комитеті жанындағы химия мамандықтары бойынша докторлық және кандидаттық ғылыми дәрежелер мен атақтарды беру Эксперттік кеңесінің төраға орынбасары, кейін төрағасы қызметтерін атқарды. Осындай жауапты жұмыстарда ол әрқашанда өзекті мәселелерге шынайы жанашырлық көзқараспен қарап, қара қылды қақ жарып, ақиқатын айтып, азаматтық ұстанымын көрсете білетін ерекше харизматикалық көшбасшылық қасиеті бар адами ізгі қасиеттерімен көпшілікке үлгі бола білді.
Ұлы Абайдың бір сөзінде «Адамның адамдығы мінген тағы, шыққан тауы, атақ-даңқы емес, ол оның халқына қызмет етуі арқылы өлшенеді» дейді.
Химия ғылымдарының докторы, профессор С.Фазылов 2017 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корресподенті, ал 2020 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі болып сайланды. Бұл марапаттауларды профессор С.Фазыловтың ғылыми жетістіктерін, оның еліміздің ғылымын дамытуға қосқан үлесін еліміздің және халықаралық ғылыми қауымның мойындағаны деп түсінуіміз керек.
Серік Драхметұлы отбасында сүйікті жар, ардақты әке, немерелерінің қадірлі атасы болып отыр. Жұбайы Бакирова Рысжан да (медицина ғылымының докторы, профессор) көп жылдар бойы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде табысты қызмет етуде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚҰ мемлекеттік сыйлығының екі рет лауреаты, химия ғылымдарының докторы, профессор Фазылов Серік Драхметұлының алдағы уақытта да еліміздің игілігіне бағытталған табыстары көп болады деп сенеміз.
Б.Төлеуов,
ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор
О.Нүркенов,
ҚР Органикалық синтез және көмір химиясы институтының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор
ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор
О.Нүркенов,
ҚР Органикалық синтез және көмір химиясы институтының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор