Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі
2017 жылы ҚР Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. ҚР Премьер-Министрінің өкімімен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды. Осының негізінде 2025 жылға дейін аталған графикаға кезең-кезеңімен көшудің іс-шаралар жоспары әзрленді.
Осыған байланысты латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы 4 жылда қазақ қоғамы үшін күн тәртібінде тұрған қызу тақырыптың біріне айналды. Әлеуметтік желілер, сайттар мен БАҚ-да бұл жөнінде сан түрлі пікірлер бар. Қазақ үшін осынау графиканың тиімді деген түрлі нұсқалары қоғам талқысына ұсынылды.
Мәселен ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылғы 4-5 наурызда еліміздің барлық өңірлерінде ЖОО-ның, колледждердің және мектептердің филолог ғалымдары, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен әдіскерлері қатыстырылған республикалық ашық талқылау өткізіліп, оған 630 маман қатысты.
Латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы мемлекеттік орган өкілдерінің, мәслихат депутаттарының, сарапшылардың, қоғам қайраткерлерінің, қоғамдық пікір көшбасшыларының, ғылыми зиялы қауымның, лингвистердің, тілтанушылардың, тарихшылардың пікірлері БАҚ-да жариялануда.
Түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер, ақпараттық түсіндірме жұмыстары мен шығармашылық және ғылыми орталарда әр түрлі байқаулар ұйымдастырылып, әлем таныған әліпбидің қазақ үшін маңыздылығы насихатталып жатыр.
Шығармашылық орта үшін 2019 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің гранттық жобасы негізінде республикалық және өңірлік деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын ілгерілету тақырыбында байқау жарияланған еді. Республика көлемінде ұйымдастырылған сол шығармашылық байқауға бізде қатысып, латын графикасының түп-тұқияны, қазақ ұлтының арғы тарихы туралы жазылған мақаламызды ұсынып, «Баспасөз басылымындағы үздік мақала» аталымы бойынша жүлделі бірінші орынды жеңіп алған болатынбыз. Бұл байқаудың қорытындысы бойынша сол кезде «Қазақ радиосында», республикалық сайттарда, аудандық газетте ақпарат берілді.
Жуырда латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің тағы бір жаңа нұсқасы қоғам талқысына ұсынылды. Осы орайда бізде осыдан екі жыл бұрын республикалық байқаудан бас жүлде алған мақаламыздың ықшамдалған нұсқасын оқырман назарына қайта ұсынуды жөн көрдік.
Латын әліпбиінің тарихы тереңнен тамыр тартады немесе тарихымыз 34 мың жыл әріден басталады
Қазақтың көне патшасы – Ахау.
Ол 34 мың жыл бұрын өмір сүрген. 30 мың жыл бұрынғы қағанаттың аты Ұлы Ел деп аталған екен. Батыс зерттеушілері латын әліпбиінің түп тамырын көне қазақтарға, яғни түркілерге апарып тірейді.
Ойлап тұрсам дүние жалған екен,
Он сегіз мың ғаламды алған екен-ай.
Ей, Ахау, арман,
Бәрімізден қалады-ау дүние жалған-ай, – дейді. Иә, дүние жалған. Ахау арман. Египет пирамидаларының іргетасы қаланардан 30 мың жыл бұрын 64 миллион халыққа патша болған Ахаудың елінде дүние жалған етіп кете барды. Бұл өлең жолдары қазақтың ғана жадында сақталып қалғаны бекер емес. Басқа ешбір елден, аңыз әфсанадан таппайсыз. Ғалымдар сына тастардан тауып жатыр.
Жадыны жаңғырту жүріп жатыр
Байқасаңыз, соңғы жылдары қазақ қоғамында, қазақ ұлтының санасында орасан зор рухани сілкініс, серпіліс орын алды. Өткенімізді екшеп, болашағымызды бағдарлау мақсатында қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың өзі бұрынғыдай тек экономикалық-материалдық қажеттіліктерге бағытталмай, ұлттың ұйытқысы болып саналатын, «тіл-дін-діл» атты рухани құндылықтарға бұрысып жатыр.
Байқасаңыз, соңғы жылдары қазақ қоғамында, қазақ ұлтының санасында орасан зор рухани сілкініс, серпіліс орын алды. Өткенімізді екшеп, болашағымызды бағдарлау мақсатында қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың өзі бұрынғыдай тек экономикалық-материалдық қажеттіліктерге бағытталмай, ұлттың ұйытқысы болып саналатын, «тіл-дін-діл» атты рухани құндылықтарға бұрысып жатыр.
Қалыптасқан хронологиялық тарихи кезеңдер үшін осынау аз ғана уақыттың ішінде қазақ мәдениетіне, дәстүріне, тарихына қатысты тың зерттеулер жасалып, ұмытыла бастаған ұлтымыздың баға жетпес рухани мол қазынасы халық жадында қайта жаңғыруда.
Тұңғыш Президенттің «Мәңгілік Ел» идеясы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындаған тапсырмалар мен ұсынымдарды қуаттап, қолдап, іске асыру бағытында құрылған институттар қазақ қоғамына, қазақ халқына бұған дейін сырын бүгіп, біз үшін беймәлім болып келген тың дүниелерді кеңінен ұсынуда.
Тарихымызды, шыққан тегімізді, тамырымызды тарқатар танымдық-зерттемелік материалдар жарыққа шығып жатыр.
Мәңгілік елдікті мақсат тұтып, осынау идеяны мемлекеттілігіміздің, тәуелсіздігіміздің темірқазығы етіп бекіту үшін бүгінгі басталған бұл жұмыстардың, ұсынымдық идеялардың болашақ үшін маңызы шындығында зор.
Себебі, кешегі бодан кезеңде отарлаушылар тарапынан қасақана жүргізілген ұлттық сананы тұмшалау атты сұрқия саясат мыңдаған жылдық тарихи жадымызды жойып, өткенімізді ұлт санасынан өшіріп тынды. Нәтижесінде қазақ ұлты, қазақ халқы өзінің бір кездегі жасампаз бейнесінен бір сәтте бейшара қалыпқа еніп, сан ғасырлар бойы үзілмей ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келген мәдени-рухани қазынамыздан қол үзіп қалды.
Соңында бүгінгі көпшілік үшін өзіміздің асылымыз қаңсық, өзгелердің қаңсығын таңсық көретін сормаңдай халге душар болғандығымызды кімнен жасырамыз?
Мәдениет пен өркениетте еуроцентристік көзқарас, ал сенім мен дінде панарабистік идеологияның шырмауына шыланып, шыға алмай қалдық. Бізден басқа жұрттың құндылығы баянды, ал біздегі барлық құндылық баянсыз, мәнсіз, мағанасыз дүниеге айналып жатыр. Неге?
Әйтпесе, осыдан небәрі 500 жыл бұрын ғана өнер, мәдениет, ғылым-білімде әлемді тітіркенткен азулы ұлт болғандығымыз бүгінгі сіз бен бізге аңыз әңгіме секілді естілмес еді-ау.
Қайран бабалар құрған алып қағанаттар, өркениеттер мен мәдениеттер алауыздықтың әсерінен аз ғана жылда қабырғасы сетінеп, сақлабтарға жем болып тындық.
Өткенге салауат. Болашағымызды баянды, егемендігімізді бекем ету үшін ендігі қазаққа тек ауызбіршілік, ынтымақ керек. Сонда ғана елдігімізді мәңгілікке ұластыра алмақпыз.
Ол үшін әуелі тарихи жадымызды жаңғырту кезек күттірмес жұмыстардың алды болмақ.
Идея төркіні қайдан тамыр тартады?
Осы орайда, бүгінгі қазақ саясаткерлері ұрандатып отырған «Мәңгілік ел» идеясы қайдан шықты? Қытайлар өздерін «Аспанасты елі», жапондар «Күншығыс», кәрістер «Таңғы шық» елі дейді. Ал біз «Мәңгілік ел» болғымыз келеді. Бұның маңызы және мәні неде? Бұл идея қазақ үшін қаншалықты құнды? Неге идея төркіні «Мәңгілік ел» ұғымымен ұштасты? деген сұрақтарды бір сәт ой елегінен өткізіп көрдік пе?
Осы орайда, бүгінгі қазақ саясаткерлері ұрандатып отырған «Мәңгілік ел» идеясы қайдан шықты? Қытайлар өздерін «Аспанасты елі», жапондар «Күншығыс», кәрістер «Таңғы шық» елі дейді. Ал біз «Мәңгілік ел» болғымыз келеді. Бұның маңызы және мәні неде? Бұл идея қазақ үшін қаншалықты құнды? Неге идея төркіні «Мәңгілік ел» ұғымымен ұштасты? деген сұрақтарды бір сәт ой елегінен өткізіп көрдік пе?
Ой елегінен өтпесе, онда осы мақаланы жалықпай оқып, терең түсініп, біз келтірген азын аулақ деректермен тарихи-танымымызды кеңейте түссек.
Біз бұл мақаламыз арқылы аталған идеяның саяси-философиялық мәні мен маңызына емес, аталған ұғымның түп-төркінін, оның басқы-тұқиянын, яғни тарихына үңілуді мақсат тұттық. Бұрын-соңды осынау ұғымды ұрандап өткен, осынау идеяны ұлықтап, мемлекеттік ұстанымға айналдырған халық, ел, ұлт пен ұлыс болды ма? Болса олар кімдер? Бүгінгі ұрпақтары сол сабақтастықты қаншалықты жалғап келеді. Әлде осынау идеяның алтын арқауы үзілді ме? Бәлкім қазақ қоғамы әлемде жоқ осынау ұстаным-ұранның алғашқы иегері шығар. Немесе тарих тепірешіне шыдамай жоғалып кеткен әлдебір халықтың ауыз-екі әңгімесінен, аңызынан алып, пайдаланып отырмыз ба?
Түркі халқының түп тамырын зерттеп, мүмкіндігінше шетел ғалымдарының еңбектерін пайдаланып, оқып, салыстырып отырамыз. Сондағы байқағанымыз мәңгілік елдіктің тарихы тіптен әріде және тап осы қазақ халқының түпкі тамырынан бастау алатынын бағамдадық.
Н.Назарбаев Қазақ елінің елордасы Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші атриумына VI-VIII ғасырлардағы тарихи оқиғалардан сыр шертетін Көк Түркілер қағанатының қас батыры, бас қолбасшысы, ІІ Түркі императорының туған інісі Күлтегін ескерткішінің нақты көшірмесін әкеліп орнатты. Ескерткіш 712-736 жылдар аралығында жазылған деп жорамалдануда. Түсіне білгенге тәуелсіз Қазақстан Республикасы осынау игі ісі арқылы, өзінің түп тамырын, 1465 жылдан емес, одан да әріден тарқататындығын меңзеп отыр.
Күлтегін кім еді? деген сұраққа жауап берместен бұрын қысқаша тарихи оқиғалар тізбегін назарларыңызға ұсына кетуді жөн санадық.
Көне түріктер мен Көк түріктердің түп мұрагері – қазақтар 552-603 жылдар аралығында түркі тайпаларының басын біріктіріп, орасан зор аймаққа билік жүргізген Ежелгі І Түркі қағанаты құрылғанын білеміз. Бұл империя Солтүстік-Шығыс Қытай, Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан және Батыс Түркістан, Орталық Азия, Қазақстан және Солтүстік Кавказ аймақтарына иелік еткен. Қытайлар бұл аймаққа билік жүргізген түркілерді ғұндардың ұрпақтары деп біліпті. Ал ғұндар Түркі қағанаты өмірге келерден аз ғана уақыт бұрын сол замандағы әлемдегі ең үлкен Батыс Рим империясын құлатып тынғандығын білеміз. Тарихта ғұндар династиясы 600 жылдай үстемдік құрыпты. Осы ғұндардың Шөже деген патшасы б.з.д 49 жылдары бүгінгі Тараз қаласының орнынан өзіне бекіністі қала салып, сол жерде Рим легионынан әскер алдырып, қытаймен қиян кескі ұрыс жүргізгенін білеміз. Яғни біздің жыл санауымызға дейінгі 209 жылдары билік басына келген бұл тайпа біздің заманымыздың 474 жылдарға дейін саясат сахнасынан түспеді. Ғұндардың орнын ізінше 552 жылдары Ежелгі Түрік қағанаты басты. Астанасы Шу өзенінің бойында болған Суяб қаласы. Аталған қағанат Парсы, Византия, Үнді, Қытай елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, кейбірінен тіптен алым-салық та алып отырған. Б.з.д 604 жылдары саясат сахнасынан ысырылып, ішкі алауыздықтардан ыдырап тынған ежелгі түркі қағанаты осыдан кейін 50 жылдан астам уақыт ес жия алмай, тек 682 жылдары ғана Екінші Түрік қағанатын құрып, 744 жылдарға дейін қайтадан әлемге азуын білеп, «ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен» қағанатты қалпына келтірді. Екінші Түркі қағанатының іргесін кеңейтіп, бұрынғы айырылған иеліктерді қайтарған қайраткердің бірі жоғарыда біз сөз еткен Күлтегін батыр болатын. Елтеріс-Құтылық, Қапаған, Білге қағандар, Күлтегін батыр мен Тоныкөк секілді мемлекет қайраткерлері Байкал көлінің жағасын мекен етіп, оңтүстік Сібірдегі Тоғу қаласын астаналық иелігі еткен қырғыздардан бастап, мұқым Моңғолия, Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан жерлеріне шашырай қоныстанған түркі тайпаларының басын бір шаңырақтың астына біріктіріп, елді ұйыстырып, ортақ қағанат құрады. 744 жылдары аты аталған қайраткерлер өмірден кетіп, билікке өзара талас басталғанда Ұйғыр-Қырғыз-Қытайдың біріккен әскері бұл қағанатты құрған құранды тайпаларға (көне қазақ руларына) соққы беріп, ыдыратып тынады. Осынау Екінші түркі қағанаты кезінде үлкен қойтастарға сына жазулары жазылып, елдің тарихы тасқа басылып қалды. Бұл жазулар тарихта «түркі-руна» жазуы деген атпен танымал. Соның бірі – бүгінгі Еуразия университетінде тұрған Күлтегін ескерткіші.
Бізде жазу бұрыннан бар
Сына жазу. Жалпы жазуы бар халық өркениеті дамыған қоғам құра білген жұрт. Түп-тұқиянымыздан бізге жазу қонған.
Сына жазу. Жалпы жазуы бар халық өркениеті дамыған қоғам құра білген жұрт. Түп-тұқиянымыздан бізге жазу қонған.
Енді осы тұжырымның айналасынан сөз қозғасақ.
Ежелгі түркі-рунасының сырын 1893 жылы қарашаның 25 күні Дания корольдік ғылым академиясында дат ғалымы Вильгельм Томсен ашқанын түркі тарихынан аз-кем хабары бар жандар жетік біледі.
Бұған дейін бұл жазулардың сыры ғылымда құпиясын ішіне бүгіп жатқандықтан аталған жазуларды еуропалықтар руна жазуы, яғни «құпия жазу» деп білді. Руна деген сөз ежелгі скандинавия халықтарының тілінде «құпия» деген ұғымды білдіреді.
Түркі халқының тұтас бір 32 әріпке негізделген әліппесі мен жазылған тарихы анықталған кезеңде евроцентристік көзқарасқа шалдыққан ғалымдардың төбесінен жай түскендей болды. Өзіндік ерекшелікке ие жазуы бар халық, мәңгілік халық емес пе?
Бұл шындықты мойындағысы келмеген ғылыми орта «Біздің заманымыздан бұрынғы VIII ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа жазулар» деп бір-ақ кесті. Сонымен Түркі, Ғұн, Сақ кезеңдеріндегі, яғни тұтас бір мың жылдықтың, біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр мен біздің жыл санауымыздың VIII ғасыры аралығындағы түркі халықтарының жазуын Үндістаннан келген әліпбиге апарып тіреп қойды. Сөйтіп көнеқазақ жазба тарихына, рухани-мәдени өміріне қылышпен емес қасақана қаламмен қиянат жасалды.
Дегенмен «Аққа құдай жақ» деген тәмсіл қашанда ақиқатынан жаңылмаған. Осынау әлем әліпбилерінің тарихын шола отырып, біз википедиядан мынадай тың мәліметке жолықтық. Оны аудармай қаз-қалпында ұсынамыз.
– «Наряду с брахми является древнейшей письменностью Индии. Было в ходу с 5 в. до н.э. по 5 в. Первый известный письменный памятник – шахбазгархская наскальная надпись царя Ашоки (ок. 251 до н.э.) Известны также легенды на индобактрийских и индоскифских монетах (3 в. до н.э. – 1 в.). Большая часть текстов написана справа на лево, хотя в самых поздних документов встречается и правосторонне направление строк. Высказываются предположения, что к кхароштхи могут восходить т.н. иссыкские «руны».
Бұл Жетісу өңіріндегі әйгілі Есік қорғанынан Алтын адамның жанынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар тостаған табылғаннан кейінгі жасалған тұжырым еді.
Түркі-ғұн-сақ жазуы үнді-иран, финикиялық көне әліпбилердің нұсқасында пайда болған деген тұжырым ғылымда әлі де болса пайдаланылады.
«Мәңгілік ел» идеясымен әліпбилер тарихының қатысы қанша? Неліктен түркі-руна жазуын өзіміздің төл әліпбиіміз екендігін дәлелдеуге тырысып жатырмыз? Енді осыған тоқталсақ.
Атлантида құрлығы туралы аңызбен көпшілік бұрыннан таныс Ежелгі грек ойшылы Платонның диалогынан бастап пайда болған Атлантида туралы аңыз бүгінгі таңға дейін талай-талай әфсаналарға арқау болды. Атлантиданы тіптен сол ежелгі антик дәуірінде-ақ, гректің ғұлама, ойшыл, тарихшылары Геродот, Страбон, Диодор, Проколдар өз еңбектеріне арқау етпей өтпеген. Бірақ, екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген бұлардың ешбірі Атлантиданың нақты орнын, қайда болғанын атап, жазып бере алмапты. Тек Платонның еңбегінде 9 мың жыл бұрын құрлықтың жер сілкінісі салдарынан су түбіне шөгіп кеткендігі туралы қысқаша мәлімет келтірілген. Атлантиданы не үшін қозғадық? Осынау құрлықпен тағдырлас, бірақ, ол жөнінде нақты тасқа қашалған деректері бар, Атлантидадан бұрын өмір сүріп, жойылып кеткен ірі өркениет табылды.
Полковник ашқан жаңалық жаһанды дүр сілкінтті
1868 жылы Үндістан өлкесінде әскери қызметте жүрген ағылшын полковнигі Джеймс Черчвард сол елдегі ескі бір ғибадатханаға келеді.
1868 жылы Үндістан өлкесінде әскери қызметте жүрген ағылшын полковнигі Джеймс Черчвард сол елдегі ескі бір ғибадатханаға келеді.
Жастайынан әкесі мен шешесі археологиялық зерттеулермен айналысқандықтан әскери шенді Дж.Черчвардта ескі қорғандар мен қамалдар, жазулар мен тас таңбаларды көрсе, қызығушылығы оянып кететін-ді.
Осы қызығушылығы оны Үндістандағы ескі ғибадатханаға еріксіз ертіп келді. Ол ғибадатхана түкпірінде жүздеген жылдардан бері шаң басып, қозғаусыз жатқан, белгісіз тілде жазылған ескі тас тақталарды кезіктіреді. Бұл тас тақталардағы сөздердің құпиясын ашуға көмектесетін егде жастағы дін қызметкерін тауып, онымен достасады.
Екі жыл уақытын сарп еткен Дж.Черчвард ғибадатханадағы жазулардың құпиясын ашады. Онда бір кездері жоғалған Атлантиданың тағдырына ұқсас Тынық мұхит аумағында өсіп, өніп, өркендеп, кейінірек жоғалып кеткен беймәлім өркениет туралы сыр шерткен көне жазуды оқып, қалған бүкіл өмірін әлгі жоғалған өркениетті іздеуге арнайды. Джеймс Черчвард әлем елдерін кезіп, Үндістандағы әскери қызметтен кейін Бирма, Аризона, Оңтүстік теңіз, Альяска, Австралия мен Мексикада болып, зерттеулерін жалғастыра түседі.
Америкалық үндістердің мая тайпасы мен ежелгі түркі-ұйғыр халықтарының тарихына ден қойып, геология мен ежелгі дін, грек әріптерінің символикалық ұғымдарының сырын ашып, қалыптасқан адамзат тарихына балама ретінде тиісті дәлел-дәйектер негізінде адамзат тарихын жаңаша жазады. Мифологиялық, лингвистикалық, археологиялық түрлі зерттеу тәсілдерін қолдана отырып, жазған еңбегінің атауын «Ежелгі МУ құрлығы – Адамзаттың атақонысы» деп атайды.
Міне, осы кітапта 34 мың жыл бұрынғы өркениет туралы сөз қозғалады. Тиісті археологиялық деректер мен дәйектер келтіріледі. Ең қызығы аталған еңбекте негізгі басшылыққа алатын бағыт көне түркілер, яғни көне қазақтардың өркениеті мен мәдениеті қазіргі барша Еуразия құрлығындағы халықтардың жасаған тарихи кезеңінен де әрі екендігі дәлелденеді.
Үндістан мен Оңтүстік Америкада табылған тас тақталардағы сына жазуларда 34 мың жыл бұрынғы мемлекет өзін «У-луумил» деп атаған дейді. Яғни аудармасы «Мәңгілік ұлы ел» болып келеді екен. Қазақтың сөзі ме? Әрине, таза қазақы сөз, қазақы ұғым.
«Үйі жоқтың күйі жоқ» дейді қазақ
Жоғалған құрлықтың «Күй» деп аталғанын білесіз бе?
Жоғалған құрлықтың «Күй» деп аталғанын білесіз бе?
Джеймс Черчвард 1851 жылдың 27 ақпанында Ұлыбританияның Окхемптон қаласында дүниеге келіп, 1936 жылдың 4 қаңтарында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында өмірден өткен.
Ол әйгілі еңбегінде Үндістан мен Оңтүстік Америкадағы тас тақталар бұл елдерге б.з.д 15 мың жыл бұрын қазіргі Жапон теңізі мен Тынық мұхиты аумағындағы суға батқан құрлықтан жеткізілген деген дәлелдерді мұқият зерттелген археологиялық-тас-жазба дәйектермен алдыға тартады. Юкатан, Мексика, Чили, Перу аймағындағы үндістердің, сонымен қатар көне тибет, үнді, қытай, грек, мысыр, испан жазбалары мен Оңтүстік Тынық мұхит аралдарындағы жабайы тайпалардың аңыз әңгімелерін жинай отырып, 34 мың жыл бұрынғы Жапон мен АҚШ ортасындағы Тынық мұхиттағы құрлықтың «Күй» деп аталғанын біледі. Құрлықтағы 64 миллион халықтың 10 тайпасын басқарған мемлекеттің атауы «Мәңгілік ұлы ел» деп аталғанын, олар өздерін «күннен туған ұрпақпыз» деп көкке табынғанын дәлелдейді. Содан кейін 20 мың жыл өмір сүрген олар б.з.д 15 мыңыншы жылы суға кеткендігін сына тастардағы жазбалар арқылы дәлелдейді. «Күй» атты үлкен құрлық 64 миллион халқымен суға кетуден 2 жыл бұрын құрлықтан қашқан бекзадалар мен байлар, басқарушы бектер арнайы әзірленген кемелер мен бүгінгі Қазақстан жеріне келіп тұрақтағанын қосымша баяндайды. Содан кейінгі осыдан 15 мың жыл бұрынғы жаңа тарих Қазақстан жерінде басталған деген тұжырымды алдыға тартады.
Үйі жоқтың күйі жоқ па? Әлде керісінше, Күйі жоқтың үйі жоқ па? Сөздің түбін өзіңіз саралап көріңіз.
Қазақтың жыл қайырушы көне абыздары да жылды қайыра отырып, 15 мың жылдыққа барып тіреледі екен. Бұл да зерттеуді қажет ететін өз алдына бөлек жатқан бір сала. Мәселен, көне византиялықтар б.з.д. 5509 жылдан жылды қайырса, Иудаист ғұламалар дүниенің жаратылған уақытын б.з.д. 3760 жыл деп есептеген. Копт шіркеуі бойынша б.з.д 5550 жыл. Англикан шіркеуі дүниенің жаратылған уақытын б.з.д 4004 жыл дейді.
Ал қазақ халқы өркениеттің басталу уақытын 15 мың жылға апарып тіреген. Бұл да Джеймс Черчвардтың еңбегімен үндесіп тұр. Дегенмен еуроцентристік көзқарастағы тарихшылар, сол кездердегі мемлекеттік саяси ұстаным ағылшын зерттеушісінің еңбегін, оның тұжырымдамасын жоққа шығарып, елемеуге тырысқаны белгілі. Ендігі тәуелсіз қазақстанның еркін ойлы, ұлтжанды, отан сүйер жастары тарихи жадымызды жаңғыртып, көне қазақтардың тарихын тереңдету ісін қолға алса деген ниет бар. Ол үшін біз мақалаға арқау еткен ағылшын зерттеушісінің еңбегіне де бір назар салып өтсе дейміз.
Бүгінгі мәңгілік елдікті көксеп, қазақ елін Мәңгілік ел деп жариялаудың түп төркіні қайдан шыққанын түсінген боларсыздар. Бұл сөздің түп төркіні біле білгенге 34 мың жылдан басталатындығын сезіндіру.
Ахау арман, дүние жалған
Дж, Черчвард Оңтүстік Америка жерінен табылған ежелгі үндістердің, яғни мая, инк тайпаларынан қалды деп есептелетін тас жазуларды, сонымен қатар үндістан, тибет, бирма, тынық мұхит аумағындағы шағын арал мемлекеттерден табылған сына жазуларды жинақтап, бас аяғы 5 мыңға жуық сына-тастарды тауып зерттегенін білдік. Әуелгіде Черчвардқа бұл тас тақталардағы құпия жазулар сырын аша қоймайды.
Дж, Черчвард Оңтүстік Америка жерінен табылған ежелгі үндістердің, яғни мая, инк тайпаларынан қалды деп есептелетін тас жазуларды, сонымен қатар үндістан, тибет, бирма, тынық мұхит аумағындағы шағын арал мемлекеттерден табылған сына жазуларды жинақтап, бас аяғы 5 мыңға жуық сына-тастарды тауып зерттегенін білдік. Әуелгіде Черчвардқа бұл тас тақталардағы құпия жазулар сырын аша қоймайды.
Ендеше зерттеуші құпия жазулардың сырын қалай ашты? Сонау мұқым Оңтүстік және Солтүстік Америкадан, Үнді-Қытайдан, Тынық мұхит аумағындағы аралдардан яғни, айналасы мыңдаған шақырымдық атырапта шашырап жатқан аумақтан табылған сына тастардағы жазылған сөздерді қалай түсінді? Қалай оқыды? деген сұрақ туатыны заңды.
Дж. Черчвард Тибетке барып, одан осы аумақта өмір сүріп жүрген көшпелі сары ұйғырлар тайпасына келіп, оларда сақталған ескі түркі жазуын және оқылу, дыбысталу заңдылығын үйренгендігін айтады. Сары ұйғырлар – бүгінде жойылу қауіпінде тұрған ұлт. Саны 4 600 адам. Отырықшы ұйғырлармен шатастыруға болмайды.
Тағы бір ескере кетерлік жайт бар. Дж, Черчвард Европа ғылым орталықтарындағы әріптестеріне жоғарыда аталған аумақтан табылған сына жазулар құпиясын өзі және тағыда екі адамның ғана білетіндігін баса көрсеткен.
Ендігі сұрақ, бұл екі адам кім? Енді осы орайда, біздің топшалауымызға тоқталсақ.
Дания ғалымы Вильгельм Томсен түркі-руна жазуын ашқан күні дәл осы кезде академик В.Радловта түркі-сына жазуының 15-ке жуық сөзін анықтап алып еді деген дерекке кезігеміз. Сонда бір мезетте даниялық, америкалық және ресейлік ғалымдар құпия жазу сырын ашқан болып отыр ғой. Қалайша? Сонда, Дж. Черчвард 34 мың жыл бұрынғы өркениет иелері пайдаланған жазудың, ондағы әріптердің оқылу заңдылығын, тәсілін түркі-руна жазуының сырын аша отырып меңгерген бе? Әрине солай. Егер түркі-сына жазуының сыры мен түркі тілін білмесе, ол 34 мың жыл бұрынғы жазуды оқи алмас еді.
Біз өз тұжырымымызды әрі қарай сабақтай түссек.
Дж. Черчвард өз еңбегінде нақты тас-тақталар мен жазулардың суреттерін көрсете отырып, дәлелді деректер арқылы тарихи оқиғаларды баяндай түседі.
Дж. Черчвард өз еңбегінде нақты тас-тақталар мен жазулардың суреттерін көрсете отырып, дәлелді деректер арқылы тарихи оқиғаларды баяндай түседі.
Онда «Накальские таблички записаны символами и знаками нагов — как утверждает легенда, они были созданы в Прародине и перенесены в Бирму, а затем (более 15 тысяч лет назад) — в Индию.
Где были созданы «мексиканские таблички», остается загадкой. Отчасти они записаны Северными, или уйгурскими, символами и знаками. Однако основной письменностью обеих серий табличек является сакральный алфавит Прародины-Му. Я не могу сказать, были ли они созданы в Мексике или в Прародине (после чего были перевезены в Мексику), однако содержание некоторых табличек показывает, что им уже более 12 тысяч лет» деп бір тоқтайды.
Қосымша аңыздарды, тас-жазбаларды алдыға тарта отырып, 34 мың жыл бұрынғы патшаның есімі Ахау болған дейді. Яғни кешегі қазақтар өлең айтқанда Ахау патшаны есімін бір қозғамай кеткеніде бекер болмаса керек.
Ойлап тұрсам дүние жалған екен,
Он сегіз мың ғаламды алған екен-ай.
Ей, ахау, арман,
Бәрімізден қалады-ау дүние жалған-ай дейді. Иә, дүние жалған. Ахау арман. 64 миллион халыққа патша болған Ахаудың елінде дүние жалған етіп кете барды.
«Греческий крест был центральным элементом орнамента Царского Щита Му – Империи Солнца. Этот иероглиф представляет собой целое выражение на праязыке Му. Он читается: У-луумил – в переводе это означает: «земля», «страна» или, более полно, «Империя», «Царство». С. Круг, в который помещен предыдущий знак, олицетворяет солнце, так что этот составной иероглиф означает «Империя Солнца». Если добавить к ним форму щита, получим: «Му, Империя Солнца» деген тоқтамға келеді. Осы сөз тіркестеріндегі «У-луумил» дегеніміз кәдімгі қарапайым қазақ тілінжегі Ұлы ел-деген ұғымды айна қатесіз қайталап тұрған жоқ па? Оның үстіне Көк Тәңірін жаратушы санап келген түркі баласы бүгінгі таңға дейін өзін «Күннен туған гүннен туған ер түріктің ұлдары» деп бекер жырламағанын енді ұққан болармыз.
Сонымен қатар ғалым келесі тұжырымды да батыл ұсынады. Назар салыңыз:
– В 403 году до нашей эры греческие грамматики привели афинский алфавит в тот вид, который знаком всем нам. Современный греческий алфавит составлен из майянских лексем и образует эпическое повествование, рассказывающее о гибели Му. Байқадыңыз ба?
Мұқым латын әліпбиінің түп тамырын америкалық мая тайпасына алып барып тірейді. Ал «Где были созданы «мексиканские таблички», остается загадкой. Отчасти они записаны Северными, или уйгурскими, символами и знаками» деп айнала отырып, түркі халқына қайтып келіп тіреледі. Сөйтіп:
– Уйгурская империя была главной колонией Му. В китайских легендах говорится о том, что уйгуры достигли вершин своей цивилизации около 17000 лет назад.
Могущество Уйгурской империи простиралось от Тихого океана через всю Центральную Азию вплоть до Западной Европы, далеко за Каспийское море. Это было еще до того, как Британские острова отделились от европейского континента.
Южная граница Уйгурской империи совпадала с северными границами Кохинхины, Бирмы, Индии и Персии – и было это еще до того, как поднялись Гималаи и другие азиатские горы. Империя включала в себя Сибирь, – дейді.
Сөзімізді осы жерден түйіндесек. Му, яғни Күй құрлығын топан су басқанда оның тұрғындары кемемен Қазақстан жеріне келіп тұрақтаған. Билеуші тайпасының таңбасы грек әліпбесіндегі крест. Крест таңбасы қазақтың Орта және Кіші жүздерге жататын руларда бар. Біздің төрелердің таңбасындағы У әріпі тектес таңбамыз ежелгі Күй құрлығындағы елдің «Ұлы-Бірігу» ұғымын білдіреді екен. Келтіре берсек бұданда басқа бізге жақын деректер көп-ақ. Тек, 34 мың жыл бұрынғы тас тақтадан табылған сына жазудағы «У-луумил» деген сөзді «Улу –ум -ил» дегені бәлкім «Ұлы-Мәңгілік-Ел» деп атаған деген тұжырымға келдік.
Айтпақшы, америкалық Мая тайпасы «Ахау-кин» деген күн құдайына сиынған екен.
Біз Мәңгі елдіктерміз
Қазіргі түсінікке сәйкес, қазақ хандығы және мемлекеттілігі тек 1456 жылы ғана екі сұлтанның әрекетінен кейін құрыла қалып, дүниеге келген жоқ. Бұл кезеңге дейінде қазақ халқы дүниешарын дүбірлетіп, талай-талай халықтарды, хандықтарды, қағанаттарды қалтыратып, дірілдетіп әлемге өз билігін жүргізген үстем ұлт ретінде танылып келді. Айдарымыздан жел есті. Тәңірдің қамшысы, жаратқанның қаһары атанды. Діннен, тура жолдан тайған ұлтты, халықты, қауымды көшпелі көне қазақтардың сесі мен қорқыту тәсілі де болды кезінде. Бұны ежелгі мысыр папирустарында, діни әфсаналардағы әңгімелерден оқып, біліп, қайран қалған тарихшылар мен ойшылдар амалсыз мойындап, өз еңбектерінде айтып та, жазыпта келеді.
Қазіргі түсінікке сәйкес, қазақ хандығы және мемлекеттілігі тек 1456 жылы ғана екі сұлтанның әрекетінен кейін құрыла қалып, дүниеге келген жоқ. Бұл кезеңге дейінде қазақ халқы дүниешарын дүбірлетіп, талай-талай халықтарды, хандықтарды, қағанаттарды қалтыратып, дірілдетіп әлемге өз билігін жүргізген үстем ұлт ретінде танылып келді. Айдарымыздан жел есті. Тәңірдің қамшысы, жаратқанның қаһары атанды. Діннен, тура жолдан тайған ұлтты, халықты, қауымды көшпелі көне қазақтардың сесі мен қорқыту тәсілі де болды кезінде. Бұны ежелгі мысыр папирустарында, діни әфсаналардағы әңгімелерден оқып, біліп, қайран қалған тарихшылар мен ойшылдар амалсыз мойындап, өз еңбектерінде айтып та, жазыпта келеді.
Көне қазақтардың мемлекеттілігі сонау үнді, иран, грек, мысыр мемлекеттілігінен де ары асып жығылатындығын батыс тарихшылары бүгінгі таңда ішінара мойындап, өзіндік пікірлерін білдіріп, ғылыми жаңалықтарына енгізіп жатқан жайы бар.
Халқымыз әр замандарда әртүрлі атпен мемлекет құрып отырды. Мысалы бүгінгі Мысыр елі өзінің 5 мыңжылдық тарихында мемлекетті басқарған әр әулеттің тұсында елдің аты сол әулеттердің атымен байланысты аталып отырған. Мысырды өз тарихында 31 әулет басқарғанын есептер болсақ, мемлекет атауыда осыншама рет өзгергенін аңғару қиын емес.
Қытайлықтарда сондай. Мысалы, бүгінгі қытайлықтар мыңдаған жылдар бойы әр заманда әртүрлі Ся, Шан, Чжоу, Цин, Хань, Цзинь, Суй, Тан, Ляо, Сун, Юань, Мин т.б мемлекеттер атаумен аталып келді.
Бірақ бұл мемлекеттердің барлығында да тек қытай ұлты өмір сүрді деген түсінік бар және ол дұрыс.
Біздің халықта сондай әр дәуірде әртүрлі билеуші әулеттің негізінде өз мемлекет, хандық, қағанатының атауын түрліше атап келді. Бізде де солай, билеуші әулет әртүрлі болғанымен мемлекетті һәм хандықты, қағанатты құраушы ұлт біреу-ақ болатынды. Ол түркі текті бүгінгі қазақтың құранды рулары көне қазақ тайпалары еді.
Түркістан, Қоқан, Моғолстан, Мәуреннахр, Ақ орда, Алтын Орда, Шыңғысхан кезеңі, Оғыз, Қыпшақ, Түркеш, Қарахандар, Ғазнауилықтар, Қимақтар, Хазарлықтар, Бұлғарлар, Мадиярлар, Орхон-Енесей бойын ен жайлаған Екінші Түрік қағанаты, Бірінші Түрік қағанаты кезеңдері, үйсін, ғұн, скиф-сақ, кемер, мидиялықтар заманы. Одан арғы тәңірі текті Тарғытай бабамыздың әфсаналық дәуіріне ұласып, Қосөзен, яғни Ефрат пен Тигр арасын жайлап өздерін «сақ-ікі» деп атаған шумерліктер, Гомер жырындағы Троялықтар,ежелгі Рим қаласының негізін қалап, Апенин түбегін жайлаған этруск меніше ертүрік аталатын тайпалардың, хандықтардың, сондағы ұлттар мен ұлыстардың негізгі ата-тегі, түп-тамыры өзіміздің бүгінгі қазақ халқының, қазақстандағы іргелі ру-тайпалардың түп-тұқиянымен бірге қосылып тамыр тартатынын қазіргі әлем тарихшылары әлдеқашан мойындап қойды. Тек біз ғана бұған әлі де болса сене алмай, қайран қалып мойын бұрмай келе жатырмыз. Қазіргі үлкен таластың бірі – Шыңғысхан моңғолдық па, әлде мәңгілдік пе?
СӨЗ СОҢЫ
Иә, барлығы да мүмкін. Ұлы империялардың ұйытқысы, құраушысы, ежелгі өркениеттерді дүниеге әкелуші көне қазақтар (түркілер) құрамындағы бүгінгі іргелі рулардың да өзге халықтарға тигізген өзіндік тарихи әсерлері мол. Қазақстан даласынан шыққан Заратуштраның «Авестасының» өзі 13 мың жылдықтан тамыр тартқан діни-трактат деседі. Ал Будда дінінің негізін қалаушы Сиддхартха Гаутама ше? Екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген оны үнді жұрты құрметтеп, Сакьямуни, яғни «Сақ әулетінің ғұламасы» деп құрмет тұтқан. Сақтардың қай халықтың түпкі тегі екендігі баршаға белгілі. Ендеше Джеймс Черчвардтың Үндістаннан көне түркі тілінде жазылған тас тақталарды қалай кезіктіргеніне күмәнданудың да қажеті жоқ.
Иә, барлығы да мүмкін. Ұлы империялардың ұйытқысы, құраушысы, ежелгі өркениеттерді дүниеге әкелуші көне қазақтар (түркілер) құрамындағы бүгінгі іргелі рулардың да өзге халықтарға тигізген өзіндік тарихи әсерлері мол. Қазақстан даласынан шыққан Заратуштраның «Авестасының» өзі 13 мың жылдықтан тамыр тартқан діни-трактат деседі. Ал Будда дінінің негізін қалаушы Сиддхартха Гаутама ше? Екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген оны үнді жұрты құрметтеп, Сакьямуни, яғни «Сақ әулетінің ғұламасы» деп құрмет тұтқан. Сақтардың қай халықтың түпкі тегі екендігі баршаға белгілі. Ендеше Джеймс Черчвардтың Үндістаннан көне түркі тілінде жазылған тас тақталарды қалай кезіктіргеніне күмәнданудың да қажеті жоқ.
Арғы заманды қозғамағанда кешегі соңғы мың жылдықтардағы Мысырдағы қыпшақтар, Сириядағы жалайырлар, Ирактағы қаңлылар, Үндістан-Кашмирдегі дулаттар, парсы жұртына ықпалы жүрген наймандар мен қоңыраттар тарихының өзі арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл тұрғыда аудандық «Өскен өңір» газеті де әр уақытта түрлі тақырыптармен материалдар, өзіндік зерттеулерін жариялап келеді.
Тарихқа қызығушылығы бар оқырман қауымнан да өзіндік зерттемелік мақалалар, халық ішінде ауызекі айтылып жүрген аңыз, әфсанаға негізделген әңгімелер, жазбалар күтеміз. Бүгінгі сіз бен біз білетін, ата-бабаларымыздан естіген дерек-дәйектердің тасқа басылып, хатталып қалғанын қалаймыз.
Нұрболат Пірімбет