Cтресспен күресу, көңіл күйді қадағалауға арналған үздік 5 қосымша
Ұялы телефон концентрацияны жоғалтатын, стрессті көбейтіп, денсаулықты құртатын негізгі технологияның бірі десек те, мұны дұрыс пайдалана білсек, уақытымызды басқаруға, гармонияда өмір сүріп, жақсы әдеттерімізді арттыруда негізгі құралдың бірі бола алады екен.
Tally: The Anything Tracker
Қазіргі уақытта бәріміздің де назарымыз әр нәрсеге алаңдап тұрады. Бұл көбінесе басымызда ақпараттың да, орындау керек тапсырмалардың да көптігімен байланысты. Осыдан келіп ұмытшақтық, қобалжу, өзіңізге деген сенімсіздік туындайды. Дәл осындай жағдайлар үшін миллиондаған түрлі күнделіктер және қосымшалар бар. «Tally: The Anything Tracker» — өзіңізге қатыстының бәрін бақылауда ұстау үшін таптырмас қосымша: жаман әдеттер, симптомдар, спортпен шұғылдану, жоспарлар, дәрумендер қабылдау, су ішу, көңіл күй, т.б. Сондай-ақ, қосымша күнделіктің де қызметін атқара алады.
Moody: Mood Tracker & Journal
Көңіл күй мен эмоционалды жағдайыңызды қадағалайтын арнайы қосымшалар да бар. Соның бірі — «Moody: Mood Tracker & Journal». Сіз бір күн бойы өзіңіздің көңіл күйіңізді бақылап, оны қолданбаға енгізесіз. Біріншіден, бұл эмоционалдық компонентке көңіл аударуға және не болып жатқанын түсінуге көмектеседі. Екіншіден, мұндай күнделікті ұзақ жүргізу арқылы белгілі бір эмоцияға байланысты заңдылықтарды түсіне аласыз. Қолданушылар алғашында 15 жазба жаза алады, ары қарай премиум-режимге өту міндеттеледі.
Grateful: A Gratitude Journal
Алғыс журналы қазіргі заман адамы үшін өте қажетті нәрсе. Күні бойы біз тіршіліктің қамымен жүріп, ең маңызды дүниелерді ұмытып кетеміз және өмірдің негатив жақтарына көп мән береміз. Осыдан біздің физикалық және эмоционалдық көңіл күйіміз қалыптасады. Сондықтан, үнемі алғыс айтып отыру – өмірдің жақсы жақтарын да көре білуге, ұсақ-түйек нәрседен қуаныш таба білуге және денсаулықты жақсартуға көмектеседі. Әрине, алғыстарымызды қарапайым дәптерге де жазуға болады. Бірақ «Grateful: A Gratitude Journal» қосымшасының ыңғайлы интерфейсі, басқа да артықшылықтары күнделікті алғыс жазып отыруға тиімді етіп жасалған. Мұнда да 15 жазбаға дейін тегін, ары қарай премиум нұсқасын сатып алу керек болады.
Co–Star Personalized Astrology
Тіпті сіз астрологияға сенбесеңіз де, «Co–Star Personalized Astrology» күніңізді дұрыс бастауға және ойларыңызды дұрыс бағытқа бағыттай алады. Қосымша адамның астрологиялық картасын талдайды (нақты туған күні мен туған жері бойынша) және планеталар қозғалғанда жаңартылатын жеке жұлдыз жорамалын жасайды. Яғни, күн сайын сізге рухани көңіл күй тұрғысынан бүгін не нәрсеге назар аудару керектігіңіз туралы шағын ескерту келіп тұрады.
Done: A Simple Habit Tracker
Белгілі бір әдеттеріңізді қалыптастыруда немесе одан арылуда көмектесетін трекерлердің ішіндегі ең ыңғайлысы – «Done: A Simple Habit Tracker». Бұл трекер арқылы суды көп ішу, тәттіден бас тарту немесе йогамен айналысу секілді қажетті іс-әрекеттеріңізді қадағалай аласыз. Нақты мақсатыңызды анықтағаннан кейін қосымшада прогресс барысында толтырылып отыратын процесс индикаторы пайда болады. Бұл мақсатыңыздан орта жолда бас тартпау үшін жақсы мотивация береді.