Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазгидромет 2021 жылдың ең суық айын атады

Қазгидромет 2021 жылдың ең суық айын атады

Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерінде бірнеше рет күн суытады. Айдың екінші жартысында ауа температурасы едәуір төмендейді
НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 2021 жылдың қаңтар айына консультативтік болжам жасады.
2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында, Қазақстанның шығыс жартысында 1°C мөлшерден төмен болады.
"Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік мен оңтүстіктің кей жерлерінде нормадан аз болады деп болжанып отыр", - деп хабарлады Қазгидромет.
Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерінде бірнеше рет күн суытады. Қаңтардың екінші жартысында ауа температурасы едәуір төмендейді:
  • солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39 °С дейін, күндіз -20-27 °С дейін;
  • республиканың батысында түнде -20-27 °С дейін, күндіз -10-20 °С дейін;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 °С дейін, жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді.

Жылдың ең суық айы

Қаңтар – жыл iшiндегi ең суық ай, деп атап өтті синоптиктер. Ұзақ мерзімді мәліметтерге сәйкес, Сібір аймақтарынан арктикалық ауаның таралуы кезінде абсолюттік минималды температура -48-54 °C дейін, ал оңтүстік облыстарда -30-43 °C дейін  төмендеуі мүмкін.  
Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады
Қаңтарда республика бойынша жауын-шашын мөлшерiнің бөлінуі бiркелкi емес, Қазақстанның көптеген бөлiгiнде жауын-шашын 10-нан 30 мм дейiн, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың таулы аудандарында көбірек, 40-82 мм аралығында жауады.   
 
25 қаңтар 2021 ж. 704 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031