Уақыттың ұшқыр ойлауымызға тигізер пайдасы
Ақылы кемел, қиялы ұшқыр, кез келген жағдайдан айла тауып кететін жандарды көрсек қызығып жатамыз. Ал, өзіміз де солардың қатарынан табылсақ, іштей қуанамыз. Ақыл-ойға анықтама беру мүмкін емес дейін десек, жақында ғылым мұның да шешімін тауыпты. Ұшқыр ойлау (креатив) үшін көп оқу мен үлкен ізденіс керектігін бәріміз білеміз, бірақ, уақыттың ұшқыр ойлауға тигізер пайдасы туралы білдіңіз бе? Ендеше, бүгінгі жазбамыз шығармашылық жұмыспен айналысуға қай уақыт жақсы нәтиже беретінін айтады.
Қара жұмыстың дәмін татқан ақылды адамдар ақыл күшін талап ететін жұмыстардың қара жұмыстан да ауыр екенін алға тартады. Расында да, қиындау, дегенмен, бұл қара күшті талап ететін жұмыстың оңай деген сөз емес. Бірақ, кейде жұмыс барысында ойдан бірдеңе түзу мүмкін болмай, басымыз қатып кеткенде, кейде қаттырақ тоқпақтап жібергіңіз келетінін рас.
Ұшқыр ойлаудың маңыздылығында шек жоқ екені бәрімізге белгілі. Басқалардың ақылына келмеген, тіпті, түсіне де кірмеген дүниелерді ойлап тапқан, ұшқыр ойлы адамдар қашанда үлкен құрметке ие болып келді. Алдағы уақытта да үлкен құрметтің құшағына бөлене бермек. Ондай құрмет иелеріне тек шығармашылықпен айналысқан дарындылар ғана емес, өмірде үлкен жетістіктерге жеткен бизнесмендер де жатады.
Ұшқыр ойлау қабілеті тек дарындыларға берілер тума талант деп бағалау қателік. Жолын іздеп, өз-өзіңді шынықтыру арқылы жүре пайда болатын басқа да қасиеттер секілді, бұл ерек қабілетті де игеруге болады екен. Сондай-ақ, ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша ұшқыр ойлауда уақыттың маңызы зор екен.
Сөзімізді төмендегі тәжірибе нәтижесі дәлелдейді. Сонымен қатар, ұшқыр ойлауыңызға қатысты түсінігіңізді де өзгертетініне кәміл сенеміз. Осыдан үш жыл бұрын Марейк Вьес және Роуз Закс атты ғалымдар осы тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген екен. Зерттеу барысында қатысушыларды екіге таң сәрімен жұмыс істегенді жөн көретіндер (Бозторғай) мен күндіз тынығып, түнде жұмыс жасағанды жақсы көретіндерді (Үкі) бір жаққа бөледі. Сосын, осы қатысушы екі топқа да ақыл күшін талап етіп, терең ойды қажет ететін жұмыстарды жүктейді. Сонымен қатар, орындаған тапсырмаларды сараптауды да өздеріне міндеттейді. Бұлай екіге бөлудің басты мақсаты қатысушылардың ұшқыр ойды қолдана отыра, сапалы сараптама жасауларын және қай уақыт аралығында қандай нәтиже көрсететінін бақылау еді. Сапалы сараптама жасау тынық миды қажет ететіндігі бәрімізге белгілі, әрі ұшқыр ойлауға жасалған тәжірибе нәтижелерінің қызықты болуына байланысты.
Олай болса, бірден зерттеу қорытындысына бет бұрайық. Бұл жауапты білгеннен кейін таңдай қақпау мүмкін емес. Жоғарыда атаған, таңда тұрып жұмыс жасағанды жөн көретін бозторғай тобы кешке жақын ұшқыр ойды талап ететін тапсырмаларды нәтижелі орындаса, күндіз ұйықтап, түнде жұмыс жасағанды жақсы көретін үкілер тобы керісінше күндіз жоғары нәтиже көрсеткен.
Зерттеушілер нәтиже көрсеткіштерін басшылыққа ала отыра, ұшқыр ойлауға уақыттың тигізер пайдасы зор деген тоқтамға келді. Біздің ұшқыр ойлау қабілетіміз өзіміз әлсіреп, ұйқымыз келіп шаршаңқырап тұрғанда жемісті нәтиже береді екен. Себебі, мұндай жағдайда миымызға бұрын-соңды ойламаған, сенгісіз дүниелер жақсы қабылдайды деп нақтылады. Бірақ, мұндай шаршаңқы мимен сапалы сараптама жасау қиынның қиыны екенін де жасырмады.
Бұл қорытынды біз білетін үлкенді-кішілі ақын-жазушылардың көбісінің түн ортасында қалам сілтеуге құмар болатыны бекер емес екен ғой деген ойға қалдырары анық. Сонымен қатар, жатар алдында ақылымызға небір жақсы ойлар келіп, ертесінде есіміз кіргенде есімізге түсіре алмай қалатынымыз бар. Бұған ғалымдар жаныңа қойын дәптерінді немесе телефоныңды ала жүргенің абзал дейді.