Соғым сойдыңыз ба?
Халқымызда «Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді» деген сөз бар. Қазақ – қазақ болғалы бері ет тағамдарын алдыңғы кезекке қойып келеді. «Ет дегенде бет бар ма?» деп әзіл-шыны айтып жатамыз. Бұл сөздің астарында шындықтың бар екені рас. Біз күнделікті ас мәзірінде етті көп тұтынатындардың қатарындамыз. Мұны айтып отырғанымыз, аудан мен ауыл тұрғындарының соғым науқаны алдындағы көңіл күйлерімен байланысты. Соғым сою қаншаға түсті? Осы мәселеге ой жүгіртіп көрсек.
Қазіргі кезде «Азық-түліктің, ет өнімдерінің бағасы жыл өткен сайын қымбаттап барады» деген желеумен кейде ретсіз, кейде ретті қымбатшылықтың жағадан алып тұрағаны рас. Соғым іздеп сабылған жұрт базарға ағылады. Көп тұрғындардың ірі қара алып сойып алуына шамасы келе бермейді. Өйткені халық көп баратын мал базарда бір қойдың орташа есеппен бағасы 35-45 мың теңгеге бағаланса, соғымға жарамды жылқының бағасы 300-500мың теңге көлемінде сатылып, түйе мен сиыр да сол бағаны құрап отыр. Базардағы еттің бағасын көріп, қара халықтың көңілдері су сепкендей басылады. Себебі баға бәріне бірдей қолжетімді емес. Былтыр желтоқсан айында көпшілік әдеттегідей соғым қамына кірісіп кетті. Бірақ ол қымбатқа түсті. Бірі жағдайына қараса, енді бірі қалтасына қарай қамданатыны белгілі. Кейбіреулер өзара бірігіп, етті бөлісіп жатады. Соңғы жылдары елімізде азық-түлік тауарларының, оның ішінде ет бағасының шарықтап кеткені рас. Үкімет бағаны тежеуге тырысқанымен, одан оншалықты нәтиже бола қоймады. Себебі ет сататын саудагерлердің көбісі дерлік жеке кәсіпкерлер. Сонымен аудан тұрғындарын сөзге тартып көрдік. «Осы жылы соғым сойдыңыз ба?» деп сауалнама жүргіздік. Бірі соғым сойдық десе, енді бірі қайдағы соғым, қымбатшылық қыспаққа алып тұрған заманда деп қысқа қайырды. Қарап тұрсақ, біраз халық соғым соймаған көрінеді. Бір қыста бір қой емес, бір жылқы сойып алатын қазекем бүгінде етті «келілеп» қана алатын жағдайға жетті. Мәселенің мәнісін білмек болып, аудан базарының ет сататын бұрышына бардық. Обалы не керек, базарда ет мол. Бірақ қара кесектей тізілген етті кезекке тұрып, алып жатқан тұрғындарды байқай алмадық. Сондықтан болар осы қымбатшылыққа байланысты еттің өтуіде бәсеңсіп қалған. Халық, көбінесе, соғымды тұтастай емес, таразыға салып келілеп қана алатын көрінеді. Жаңа жылдың алдында сауда қызғанымен, қазір бәсеңсіп қалғанын байқадық. Мысалы жылқы етінің келісі – 1900 теңге, қазы алсаңыз 3000-3500 теңгеден, шұжық 2800-3000 теңгеден. Түйе етінің келісі – 1700 теңге, қой етінің келісі – 1800 теңге, ешкі етінің келісі – 1750 теңге, Сиыр етінің келісі – 1800 теңгені құрап отыр. «Еттің қымбат болуының себебі қазір мал бағудың оңай еместігінен. Жем-шөп қымбат. Оның өзі әжептәуір шығынды керек етеді» – дейді базардағы саудагерлер. Ойша есесптесең 200 келі ет алсаңыз – 380 мың теңгені, ал 250 келі ет алсаңыз – 475 мың теңгені санап бересіз. Біздің бір ғана Шиелі ауданын ғана емес, барлық жерде ет қымбатшылығы байқалады. Халқымыз мұндайда «Базар – ақшалыға базар, ақшасызға – азар» дейді емес пе? Қалай десек те, аса қажет азық-түліктің, ет пен сүт өнімдерінің шарықтамағаны жөн еді. Өйткені күнделікті тұтынатын өнімдердің бағасы қалтаға қол жетімді бола бермейді. Нарық қысқанда халық тарығатыны біз айтпасақта белгілі.

Шапағат Тілеубаев