Президент: Латын әліпбиін енгізу бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес
Ақордада қаза
қ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Президент төрағалығымен ұйымдастырылған жиынға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, лингвист-ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Кеңесте Мемлекет басшысының назарына ғылыми тұрғыдан зерделенген әліпбидің жаңа жобасы ұсынылды. Дегенмен Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әліпбиді қабылдау кезінде асығыстық танытуға болмайтынын мәлімдеді. «Жаңа графиканы енгізу бір күнде я болмаса тіпті бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес. Әйтпесе асығыстық бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін. Мәселе – кириллицаны латын әліпбиіне аударуда емес, бұл қазақ тілінің ауқымды реформасы деген сөз. Қаржы мәселесін де ескеруіміз керек. Латын әліпбиін енгізу жұмысы біртіндеп жүзеге асуы қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/435081-prezident-latyn-lipbiin-engizu-bir-zhylda-iske-asa-oyatyn-zh-mys-emes

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/435081-prezident-latyn-lipbiin-engizu-bir-zhylda-iske-asa-oyatyn-zh-mys-emes