Көрші ақысы – Тәңір ақысы
Алыстағы ағайыннан бұрын сәлемдесіп, мал-жанның амандығын, жоқ-жітігіңді түгендейтін көршіңнің бары бір ғанибет. Кейде ақылшың, кейде қамқоршың бола білген бауырыңдай етене араласатын көршің болса, ештеңеден тарықпай әгугайыңа салып жүргенге не жетсін?! Той-томалағыңды бірге атқарысып, қайғыңды бөлісіп отыратын көршіңнің ақысын білесің бе? Осы жайында тарқатып, көршінің қадыр-қасиетіне тоқталып, мәнін ашайық.
Қазақта «Құдай қосқан көршім» дейді. Басқа іс түссе, қысылтаяңда, алыс-берісте, көмек пен жәрдем, қуаныш пен қайғыда, тіпті атқан таң мен батқан кеште бірінші куәгер болатын да көрші. Сондықтан да «Адамның күні – адаммен» дегендей көрші ақысын біреу білсе, біреу білмейді. Дініміз көрші ақысын барша ақылардың ішінде жоғары дәрежеде қойған. Сондықтан көршімен жақсы тұру – Алланың әмірі деп біліңіз. Сондай-ақ «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, жаман кісіге мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас» деп көрші ақысын белден басатындарды қатты сынаған. Осыдан оның адамгершілікке де, мұсылманшылыққа да сыймайтындығын аңғару қиын емес. Қарбалас дүние тіршілігінің қамымен жүріп, кейде өзімізден басқаны ойлауға шамамыз келмей жатады. Қысылтаяң шақта ауыртпашылықты бірге көтерісетін, қуансақ қызығымызды бірге бөлісетін, «алыстағы ағайыннан жақын» болатын көршілерді кейде ұмытып кетіп жатамыз. Ал қалалық жерлерде көршілер бір-бірін танымайды да.

Айша (р.а.) анамыз көрші болу төңіректегі қырық үйлік арақашықтық екенін айтса, Али (р.а.) адамның даусы жететін жердегілердің барлығы көрші болып саналатындығын білдірген. Ал Пайғамбар (с.ғ.с) көршілік ақысы тұрғысынан оларды үшке бөлген: біріншісі, бір ғана ақысы бар көршілер. Бұл мұсылман емес көршілер. Бұлардың тек көршілік ақысы бар. Екіншісі, қос ақысы бар көршілер. Бұл мұсылман көршілер. Бұлардың көршілік ақысымен қатар мұсылман бауыр ретінде ақысы бар. Үшіншісі, үш бірдей ақысы бар көршілер. Бұл мұсылман әрі туыс болып келетін көршілер. Бұлардың көршілік, мұсылмандық және туыстық ақысы бар. Осылайша Ислам шариғаты мен әдебі барша мұсылмандарды көршілерімен, тіпті Аллаға сенбейтін болса да олармен жақсы болуға шақырады.
Адам дүниеден өткен, яғни қайтыс болған үйден ас ішілмейтін жағдайда көршінің үйінде қонақасы дәмін ішуге болады. Ал бүгінде көршімізбен ренжісіп қалған жағдайда, үйінде дәм ішілмек түгілі, тіпті қайтқанына қуанатын жағдай кездеседі. Саналы көршің сараламас, бірақ кей кездерде санасыз көрші арасы түсініспей, бірімен-бірі айқайласып, тіпті жұдырықтасып, бірінің есігін бірі ашпай жататындар да кездеседі. Көршіміздің барына тәубеде болу керек. Әлбетте, салиқалы әйел, жақсы перзенттер, адал достар, сыйлы көрші – Жаратқанның нығметтері. Сондықтан міндетті түрде көрші ақысын білген жөн. Біріншіден, көршіңе көрген жерде бірінші болып амандас. Екіншіден, сыпайы мінез таныт. Үшіншіден, әрдайым жақсылық жаса. Төртіншіден, қуанышына ортақтас. Бесіншіден, қайғысын бөліс. Алтыншыдан, науқастанса хал – жағдайын сұра. Жетіншіден, алыс жол сапарға шықса, үй іші мен мал-жанына баскөз болып, қорған бол. Міне, осындай қарапайым саналы жеті қағиданы білсеңіз, сол көршіңіздің ақысын жетпіс есе сауабымен аласыз. Бұл – көрші ақысы ғана емес, сыйластықтың артуы, адамгершілік қасиетінің төресі.
Ел аузында жақсы көрші туралы мағыналы хикая бар. Ертеде Лұқпан хакімнің бір шаһарда екі үйі болыпты. Бірі хан сарайындай үлкен болса, бірі шағын, жұпыны екен. Бір күні Лұқпан хакім өзге қалаға көшпек болып, үйлерін сатпақ болады. Сонда ол кең сарайлы үйін арзанға, ал лашығын қымбатқа бағалайды. Алушы түсінбей, оның мәнісін сұрайды. Лұқпан хакім «Мына үйім лашық болғанмен, көршім – жақсы адам. Ондай көршіні Алла өзі нәсіп етпесе, шаммен іздеп таппайсың. Сондықтан үйдің құнын емес, абзал көршімді қымбатқа бағаладым» депті. «Қоныс сайламас бұрын көршіңді сайла», «Үй алма, көрші ал» деген мәтелдер осындай хикаяттардың нәтижесі ретінде қалған екен.
Ақбота Баянбай