ҚОС СТАТИСТИКА БІРІГЕДІ
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын ашық жариялауды міндеттеген болатын.
Президент тапсырмасына сәйкес енді пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Президент тапсырмасына сәйкес енді пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
– Коронавирус пен пневмония бойынша мәліметтердің ашықтығын барынша қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерді тіркеу және ақпараттандырудың жаңа амал-әдістерін айқындады. ДДСҰ-ның Еуропалық бюросы жүргізген техникалық кеңесті есепке ала отырып, біз КВИ жағдайларын кодтау мен тіркеуде халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодына өту туралы шешім қабылдадық, – деді Алексей Цой.
Осылайша, COVID-19 ауруының зертханалық тұрғыда дәлелденген жағдайлары – ПТР тест теріс нәтижелі болса да, COVID-19 клиникалық және эпидемиологиялық белгілерімен ұқсас пневмония жағдайымен теңестіріледі.
Айта кетейік, бүгінге дейін елде коронавирус індетін 72 мыңға жуық адам жұқтырған. Оның 43401-і жазылып шықса, 585 адамды індет жалмады. Сондай-ақ 1 қаңтар мен 15 шiлде аралығында Қазақстанда 234 мың адам пневмонияға шалдыққан. 3 327 адам осы індеттен көз жұмды.
Тамыз айының алғашқы күнінен бастап пневмониямен коронавирус дертін жұқтырғандар бірге есептелгенде бұл цифрлар едәуір артатыны белгілі.
Гүлхан ЯХИЯ