Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеміс сыртына жабыстырылған сандар нені білдіреді?

Жеміс сыртына жабыстырылған сандар нені білдіреді?


Бір сыры бар екені айдан анық, алайда оның мәнісін сатушыдан да не басқа адамнан да сұрап жатпаймыз. Дәмді жеміс болса болды, сатып алып жүре береміз. Бұған мән бермеу қаншалықты дұрыс? Өйткені сол сандарға қарап, жемістің қай елден, қалай өсірілгенін, ГМО қосылған не қосылмағанын білесіз. Ал ГМО қосылған жемісті қазір ешкім жегісі келмейді. Одан да табиғи жеміс жегенді жөн санайды. 3 не 4-тен басталатын 4 таңбалы сан Егер жабыстырмада төрт таңбалы сан жазылған болса, онда мұндай жеміс-жидек не көкөністі өсіруге көп пестицид пен тыңайтқыш қосылды дегенді білдіреді. Яғни, мұндай жемісті өсірген шаруалар өсімдікті барынша тез өсіру үшін агротехнология қолданды деген сөз. 8 санынан басталатын 5 таңбалы сан Мұндай жеміс-жидектер мен көкөністері гендік инженерия арқылы өсірілген. ГМО деп айтып жүргеніміз осы. ГМО-ның зиян не зиянсыз екендігі әлі белгісіз. Ғалымдар бұған таласып әлек. Бірақ, ең дұрысы, ГМО қолданылған жемістерді сатып алмай-ақ қойыңыз.

23 ақпан 2020 ж. 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

№45 (9312)

21 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031