Арнайы маманданған 3 іздеу жүйесі

W3counter сараптауына сай, 2019 жылы ең көп пайдаланылған іздеу жүйелері рейтингінде Google, Yahoo!, bing, Baidu, Yandex сынды алпауыттар алда тұр. Коммерцияға бет бұрған бұл жүйелер қолданушының кейбір талаптарына жауап бермеуі мүмкін. Назарыңызға арнайы маманданған 3 іздеу жүйесін ұсынамыз.
DuckDuckGo

FindSounds
– Тек дыбысқа маманданған іздеу жүйесі. Ол ашық дереккөздерден түрлі дыбыстарды тауып береді. Мысалы табиғат, көлік, түрлі заттардың дыбысын бірден тыңдап, жүктей аласыз. Баптаулардан керек формат пен сапаны белгілеп іздеуге болады.
Wolfram|Alpha
– Есептеуіш іздеу жүйесі. Ол мақалалар сілтемесінің орнына қолданушының нақты сұрағына нақты жауап шығарып береді. Мысалы ағылшын тілінде "Вашингтон мен Чикаго тұрғындарын салыстыру" деп іздесеңіз, Wolfram|Alpha бірден дайын кесте мен мәліметтерді ұсынады. Сервис желіде бар ақпаратты өзі тауып шығарады. Ал мұндай ақпарат болмаған жағдайда іздеу жүйесі өзі есептеп, шешімін береді. Қолданушы тек нақты жауапты көре алады, іздеу нәтижесінде артық ақпарат жоқ. Wolfram|Alpha – студент, сарапшы, журналист, ғалымдарға жақсы көмекші.