Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ шетелдік көлік иелері үшін «18» деген цифры бар сары фонды нөмір үлгісін шығарды

ІІМ шетелдік көлік иелері үшін «18» деген цифры бар сары фонды нөмір үлгісін шығарды

«Егер азамат 2021 жылдың 1 наурызына дейін төлемесе, онда оның құжаттары 1 наурызда аяқталады және мемлекеттік нөмірі заңсыз болады».
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев елімізде уақытша тіркеуде тұрған ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерге арнайы нөмір беріледі деп мәлімдеді. Оның айтуынша, шетелдік нөмір таққан көліктер үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін кедендік және утилизациялық алымды төлемеуге рұқсат беріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мәселен, Қазақстан азаматы Арменияда көлік сатып алып, техникалық төлқұжатты өз атына жазса, өз көлігін тіркеуге қоя алады. Ал кедендік және утилизациялық алымды төлеу міндеті 2021 жылдың 1 наурызына дейін шегеріледі.
Егер Қазақстан азаматы көлікті Ресейден алып, сенімхатпен жүргізсе, көрші елге барып, тіркеуден шығаруы тиіс. Сөйтіп, бір реттік акцияға қатыса алады», - деді Қожаев ОКҚ брифингінде.
Уақытша тіркеу үшін қажетті құжаттар: жеке куәлік; бұрынғы немесе транзиттік тіркеу нөмірлері; көлік құралын тіркеу туралы куәлік; меншік иесі туралы құжаттар; алғашқы тіркеу салығын төлегені туралы түбіртек; мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжатты жасау үшін салық төлегені туралы түбіртек.
«Бұл автомобильдерге арнайы серия мен түрдің мемлекеттік нөмірі беріледі, ал техпаспортқа аталған көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі енгізіледі. ІІМ сары фонда нөмір үлгісін шығарды. 18 цифры. Сонымен қатар, техпаспортта 2021 жылдың 1 наурызына дейін әрекет ету күні көрсетіледі.
Егер азаматқа мұндай мүмкіндік берілсе және ол 2021 жылдың 1 наурызына дейін төлемесе, кешіріңіз, оның құжаттары 1 наурызда аяқталады және мемлекеттік нөмірі заңсыз болады», - деп мәлімдеді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
29 қаңтар 2020 ж. 781 0