Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » "Жаңа сынақ жүйесінде шикіліктің болуы қалыпты жағдай": Жүргізуші куәлігіне тапсырғандар жаппай сынақтан құлауда

"Жаңа сынақ жүйесінде шикіліктің болуы қалыпты жағдай": Жүргізуші куәлігіне тапсырғандар жаппай сынақтан құлауда

Жүргізуші көлігін алу үшін көлік айдау курсына қатысқандар жаппай сынақтан өте алмай құлауда. Бұған себеп 4 қарашада енгізілген жаңа сынақ жүйесі екен. Тестілеуден өтпей қалғандар мен оқытушылардың айтуынша, сұрақтардың көбісі дұрыс құралмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Көлік айдау курсына қатысқандар екі аптадан бері сынақтан өте алмай жатқан көрінеді. Оқытушылардың сөзінше, мұның бәріне дұрыс құрастырылмаған әрі ақылға қонымсыз сұрақтар кінәлі.

«Ереже бойынша жас балаларды жүк көлігінің артында тасымалдауға мүлдеу тыйым салынады. Заңға сәйкес балаларды жеңіл не болмаса автобуспен ғана тасымалдауға болады. Ал сынақта мынандай миға қонымсыз сұрақ берілген: Балаларды тасымалдауға болатын жүк көлігінің бортының биіктігі қанша болуы шарт?», - деді оқытушылардың бірі.

Сөздерінше, сынақтың сұрақтар базасын көру мүмкіндігі бәріне бірдей беріле бермейді екен. Олар осы уақытқа дейін сынақ тапсырған курсанттарға түскен 88 сұрақтың ішінен дұрыс емес 8-ін тапқан. Сәйкесінше, сынақтағы әрбір 10-шы сұрағы қате деген тоқтамға келуге болады. Ең қызығы мамандардың айтуынша, сынақта Ресейдің, оған қоса Кеңес одағының жол тәртібіне қатысты сұрақтарды да табуға болады. Олар арнайы ұйымдар мен ішкі істер министрлігіне сұрау салыпты. Алайда ол жақтан әлі жауап келмеген.

Министрліктегі қызметкерлер жаңа бастаманың шикілігінің болуы қалыпты жағдай. 2014 жылы енгізілген сынақ жүйесінде де қателіктер болып, уақыт өте келе барлығы түзелді деп қысқа қайырды.

Ал сонда уақыты мен ақшасын жоғалтып қана қоймай, сынақтан өте қалмай қалған курсанттардың жағдайы жай ғана олардың жолы болмай қалуы деген ойға әкеледі.
15 қараша 2019 ж. 60 0

Соңғы жаңалықтар

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (8748)

13 желтоқсан 2019 ж.

№96 (8747)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (8746)

06 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам