Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күйеу балаға төсті не үшін тартады?

Күйеу балаға төсті не үшін тартады?

«Зәрем зәр түбіне кетті». Иә, қазақ халқында мұндай тұрақты тіркес барынан бәріміз хабардармыз. Ал соның ер-жігітке қаратып айтылғанын білеміз бе? «Төс сыбаға» деп аталатын жөн-жоралғы не себепті келінге емес, күйеубалаға орындалады? біз бүгін осы дәстүрді мақалаға арқау етпекпіз.
Әдебиетке көз жүгіртсек, «Ер Төстік» ертегісі есімізге түседі. Ерназардың кенжесі Төстіктің жарық дүниеге келуі де шаңырақта керулі тұрған кер биенің төстігінен демей ме? Иә, төстікті жеген шал әлденіп, көп ұзамай кемпірі жүкті болады. Демек бүкіл қабырғаның түйіскен жері – майлы төс етінде қуық асты безіне қуат беретін зат болғаны. Мақаланың басында «зәрем зәр түбіне кетті» деген тіркес те осы қуық асты безі. Бұл қазақ халқының қиялынан туған десек те, астарында терең мән-мағына жатыр. Яғни қазақ төстің пайдасын ертеректе осы бір ертегі арқылы білдіріп тұр.
Сонымен қатар күйеубалаға қайынжұртқа барғанда «Төс сыбаға» деп аталатын арнайы төс тарту кәдесі әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Яғни ер-жігіт мықты болса, отбасы берік, шаңырақ шайқалмай, береке-бірлікке толы болады деген ниетпен берілген. Өйткені, қай ата-ана болмасын қызының барған жерінде бағы жанғанын қалайды. Төс майлы болса да, жүрекке тимейді. Қазақ халқы тілге шебер емес пе? Бұл тұста да күйеубала қайынжұртына майлы, сөздері көңілге тимейтіндей жұмсақ, екі елді біріктіріп, құдалар арасында алтын көпір болады деп әспеттеген.
Тарихқа сүйенсек, Есім ханның қалмақтармен соғысында Жомарт есімді сарбазы соғысқа қатысуға ниет білдіріпті. Содан Есім хан үлкен сенім артып, алдыңғы шептен орын береді екен. Шегінерге жол жоқ, Жомарт қалайда жақсы нәтиже көрсету керек. Ойлана келе әскердің басында тұрған азаматтарға тек төстен дайындалған ас беріп, сарбаздар жоғары деңгейде шайқасып, Есім хан сол соғыста жеңіске жетіпті. Бұл жерден де төстің «қадірлі ас, қуаттың көзі» екенін аңғарамыз.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, еліміздегі 10 ер адамның 4-еуі белсіз. Бұны медицина тілінде «простатит-импотенция» деп атайды. «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» дегендей ер түзде жүріп, тірлік істейтін болғандықтан сан түрлі қауіпке кез болады. Одан бөлек заманға сай таңертеңнен кеш қарайғанша отырып жұмыс істейтін болғандықтан, күйзеліс сияқты дерттерді ­бас­ы­нан өткереді. Оның аяғы белсіздікке әкеп соғады. Бұл әрине, бүгін немесе кеше пайда болған ауру емес. Ата-бабамыз мұның емін о баста білген, яғни белсіздіктен сақтану үшін төс жеген екен.
Сөзімізді түйіндей келе, қыз бағы баянды болып, ақ жаулықты ана атанып, әлдиін айтып, бесік тербету үшін төстің тигізер ықпалы орасан екенін айтуға болады. Ал өскелең ұрпақ болса, мұның пайдасы туралы біле бермейді. Сондықтан осы тұста көбірек үгіт-насихат жүргізуіміз керек. Бұл бір жағы ата-бабадан жеткен салт-дәстүрді насихаттағанымыз болса, екінші жағынан халық санының артуына тигізген үлесіміз болмақ.

Фариза КЕНЖЕШОВА

29 қазан 2019 ж. 7 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930