Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сатаев жаңа фильмге не үшін Головкинді емес, Сәпиевті таңдағанын айтты

Сатаев жаңа фильмге не үшін Головкинді емес, Сәпиевті таңдағанын айтты

Режиссер жыл басында "Боксшы" фильміне кастинг жариялап, басты рөлді сомдайтын актерді іздеп жүргенін жариялаған болатын. "Томирис" фильмінің тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихатында режиссер Ақан Сатаев жаңа туындысы туралы айтып берді. Ол фильмде Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің спорттық жолы баяндалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жыл басында Сатаев "Боксшы" фильміне кастинг жариялап, жаңа кино туындыға түсетін актерді іздеп жүргенін жариялаған болатын.

"Боксшы" – бұл фильмнің бастапқы атауы, бұл барлық чемпионымыздың образы. Бірақ біз Серік Сәпиевтің өмірбаянына сүйенеміз", - деді Сатаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда журналистер Сәпиевтің өмірбаянын неге таңдағанын сұрады. Себебі одан бөлек Головкин сияқты әлемдік бокс шыңына шыққан спортшылар бар. Режиссердің сөзіне қарағанда, бұл – идеологиялық жұмыс.

"Біз кино түсіргенде біреуді мақтап-мадақтауды мақсат етпейміз. Бұл, шынымен де, қаһарманның тарихы, чемпионның жүріп өткен жолы. Біз Генадий Головкин, Бекзат Саттарханов туралы фильмдерді де түсіруге қарсы емеспіз. ", - деп жауап берді Сатаев.

26 қыркүйек 2019 ж. 718 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930