Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 281 отбасы баспаналы болды

«Бақытты отбасы» бағдарламасымен 281 отбасы баспаналы болды

BAQ.KZ. Осы жоба аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 4 875 өтінім қабылдады. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына Нұр-Сұлтан (829 өтінім), Алматы (640 өтінім) және Ақтөбе (555 өтінім) облыстарының тұрғындары белсене қатысуда.

"Бүгінде қабылданған өтінімдердің 2 200 бойынша 23,1 млрд теңге сомасына несие беру жөнінде оң шешім шықты. Қазіргі сәтте осы отбасылар өздерінің болашақ пәтерлерін іздестіру үстінде. Бұл үшін оларға 3 ай уақыт беріледі. Пәтерді жаңа салынған немесе қолданыстағы үйден сатып алуға болады. Сондай-ақ, жер үй алу мүмкіндігі де қарастырылған. Тұрғын үйді салымшы өзі әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана сатып ала алады", - делінген хабарламада.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 281 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын атап өтті.
Жалпы, ең көп баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойын тойлағандар – Нұр-Сұлтан (73 займ берілді), Алматы (56 займ берілді) және Жамбыл (39 займ берілді) облыстарының тұрғындары.
13 қыркүйек 2019 ж. 1 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31