Бермуд үшбұрышындағы тылсым

Мұхиттың ең терең бөліктеріне дейін бата алатын робот камералар арқылы аппақ қар сыңды мұхит түбі және кейбір қираған кемелер суретке түсіріліп, зерттеле келе мына пайымдар келтірілді:
Мұхиттың бұл бөлігінде қатты күйдегі метан газы яғни метангидраттар шоғыры орналасқан. Бұл метангидраттар (вулкан салдарынан) су түбінің ысынуынан немесе сол аймақтан өтетін Гольфстрим ыстық су ағымының әсерінен біз мезетте көп мөлшерде еріп, өте көп метан газы судың бетіне шығып, атмосфераға көтерілуде. Метан газы судан жеңіл болғандықтан жоғары қарай көтеріледі. Сол сәтте төменнен жоғары қарай судың қысымы өте төмендейді. Дәл осы мезетте бұл жерден өткен кеме терең шұңқырға құлағандай жылдамдықпен мұхиттың түбіне бір-ақ түседі. Өйткені тығыздығын жоғалтқан су, кемелерді көтеретін күшін жоғалтады. Тұрақты түрде болмайтын бұл химиялық құбылыста метан газының көтерілуі тоқтағаннан кейін судың тығыздығы қайта алдыңғы қалпына келеді және артта ешқандай із қалдырмаған кемелер тереңдікте жоғалады. Ұшақтардың құлап жоғалуының да себебі осы. Су бетіне шыққан метан газы ауадан жеңіл болғандықтан көтеріле береді. Бұл жолы тығыздықтың азаюы сол аймақтағы атмосферада жүзеге асады. Сол мезетке сәйкес өткен ұшақтың моторлары тоқтап қалады. Өйткені мотордағы жанар майдың жануы үшін оттегі қажет. Ал төмен тығыздықтағы ауаның құрамындағы оттегінің мөлшері моторлардың жұмыс істеуі үшін жеткіліксіз болады. Осылайша ұшақ мұхитқа құлап, судың түбіне батып жоғалады.