Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көбелек-галстукты қалай байлайды?

Көбелек-галстукты қалай байлайды?

Галстук – заманауи еркектің гардеробындағы ең сәнді аксессуарлардың бірі. Олардың бүгінде көптеген үлгілері бар. Соның бірі көбелек-галстук. Талғаммен таңдалған көбелек ерлер костюмін толықтырып, еркектің жігіттік бейнесін аша түседі. Көбелек – сырбаздықтың белгісі Көбелек түріндегі ерлер галстугы бастапқыда қарапайым мойын шарфы ретінде пайдаланылды. Ал қазір бұл тек сәндік мақсатта тағылады. Әдетте көбелек-галстукты смокингпен немесе фракпен тағады. Ерлер дресс-кодында black tie және white tie деген ұғым бар. Black tie – смокинг, ақ жейде және қара көбелектен құралған комплексті, ал white tie – жилетті фрак, ақ жейде және көбелектен құралған комплексті меңзейді. Ал смокингсіз көбелек тағу дұрыс деп есептелінбейді. Тағы бір айта кетерлік нәрсе, көбелек ені бойынша жаға шетінен асып кетпеуі тиіс. Көбелекті қалай таңдау керек? Бүгінде қолмен түймеленетін дайын көбелектер жиі пайдаланылады. Костюмге сай галстук оны таңдағанда қай жерде киетіндігіңіз туралы ойлаңыз. Аса салтанатты жағдайларға сапалы жібектен тігілген қара классикалық галстук жарайды. Ал шығармашылық кештерге қою қызыл, қошқыл қызыл немесе қошқыл көк реңкті көбелек тағуға болады. Көбелектің матасын жыл мезгіліне сай етіп таңдаған абзал. Мәселен, жазда жұқа маталардан тігілген галстуктар жарай береді, ал қалың маталар қыс мезгіліне жарасымды. Және бір ескеру керек нәрсе мынау - көбелек-галстуктың фактурасы костюм матасының фактурасына сай болуы қажет.


https://massaget.kz
15 тамыз 2019 ж. 1 947 0