Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білімді жастар азаяды

Білімді жастар азаяды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының болжамы бойынша 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде еңбек нарығына біліктілігі бар 22 жастағы жұмыс күшінің келуі Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері 1997-2002 жылдары бала туу санының аз болуына байланысты ең төменгі деңгейде болады.

ЕРДО мамандарының айтуынша, 1990 жылдардың соңындағы қолайсыз экономикалық жағдайларға байланысты республика халқының саны айтарлықтай қысқарды. Егер 1992 жылдың басында Қазақстанда 16 млн 452 мың адам тұрса, 2002 жылдың басында небары 14 млн 851 мың адамды құраған.Бұған эмиграция айтарлықтай үлес қосты - 1992-2002 жылдар аралығында республикадан тыс жерлерге шамамен 2,8 млн адам көшіп кетті, бұл осы кезеңде келгендерді есепке алғанда 747 мың адам 2 миллионнан астам адамның теріс сальдосына сәйкес келеді. 
1999 жылы некелердің саны 85,9 мың рәсімге қысқарды, бұл онжылдықтың басына қарағанда екі есе аз (1991 жылы 165,5 мың). Өз кезегінде, 1998 жылға қарай бала туу көрсеткіші мың адамға шаққанда 15 нәрестеге дейін төмендеді және бұл деңгей 2002 жылға дейін сақталды, оның нәтижелері бойынша тек 15,3 нәрестені құрап, 1991 жылғы деңгейден 30%-ға төмен болды.
Осылайша, жаңа туған нәрестелердің саны 1991 жылғы 353 мыңмен салыстырғанда 1998-2002 жылдар аралығында  217-227 мың адам және тәуелсіздік алғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш 2016 жылы 401 мың адамды құрады.
Статистикалық ақпаратқа сәйкес, 2013 жылы жастарға жататын халықтың орташа жылдық саны 4 млн 113 мың адамды құрады, бірақ 2018 жылға қарай 3 млн 612 мың адамға дейін немесе 12% - ға қысқарды.
«Жастар санын болжамдау үшін болашақта біз туу мен өлім-жітім 2018 жылғы деңгейде қалатын жағдайдың моделін жасадық, ал миграциялық келу мен кету соңғы бес жылғы орташа мәнде болады. Модельдеу нәтижелері 2022 жылға дейін жастардың болжамды саны 3 млн 432 мың адамға дейін қысқаратынын, кейін 2038 жылы 5,1 млн адамға дейін он бес жылдық өсу циклі басталатынын көрсетті», - деп хабарлады ЕРДО Еңбек ресурстарын болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.
Ол сонымен қатар 2023 жылға қарай жастардың саны қалпына келе бастағанымен, негізгі өсім жасы кіші санаттар есебінен қамтамасыз етілетінін атап өтті.Мәселен, егер 2013 жылы 15-20 жастағы жастар қатарында 1 миллион 551 мың адам болса, 2018 жылы - 1 миллион 348 мың адамды (жалпы санның 37%), 2023 жылға қарай - 1 миллион 638 мың адамды немесе жалпы саны 3 миллион 468 мың адамды немесе 47%-ды құрайды.
Бұл ретте Шумеков техникалық немесе кәсіптік білім алған жағдайда еңбек нарығына шығудың ең төменгі жасы 18 жасты (7 жаста 1 сыныпқа + 9 сынып + 2 жыл колледжде), ал орта мектепті және бакалавриат бағдарламасын аяқтаған жағдайда – 22 жасты (7 жаста 1 сыныпқа + 11 сынып + 4 жыл бакалавриат) құрайтынын атап өтті.
«Егер жастардың еңбек нарығына шығуын есептеудің осы әдістемесіне сүйенсек, онда 22 жастағы жастар саны бірнеше жылдар бойы үздіксіз қысқартылғаннан кейін, 2023 жылға қарай қалпына келе бастайды. Мәселен, егер 2013 жылы осы санаттағы халықтың саны 318,5 мың адамды құраса, 2018 жылы – 250 мың адамды, ал 2021-2023 жылдары ең төменгі деңгей – шамамен 217-218 мың адамды құрайтын болады. Тек 2026 жылға қарай 22 жастағы халық саны 2013 жылығы көрсеткішке жақындайды», - деді ЕРДО Еңбек ресурстарын болжау департаментінің директоры.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстандағы жастар құрамына 15 пен 28 жас аралығындағы адамдар кіретінін айта кеткен жөн.       
Естеріңізге сала кетейік, 1999 жылдың маусым айында ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» РМҚК (бұдан әрі - РМҚК) құрылды. 2011 жылдың қазан айында РМҚК «Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ болып қайта құрылды. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 1 шілдедегі қаулысымен «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ болып өзгертілді.
Орталық қызметінің негізгі саласы еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды және халықты жұмыспен қамту орталықтарын әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.
12 тамыз 2019 ж. 665 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930