Сезім хаттары
...Көңіл-күйіңіз бұзылса, мені еске алыңызшы. Көңіл хошыңыз көтеріңкі болғанда да, мені ойлаңыз. Мен сіздің еске алуыңыз арқылы "мәңгілік өмір сүретін" боламын. Жұмыста жетістікке жеткен шақтарыңызда, үйлену тойыңызда, тіпті балалы болғаныңызда да мені еске алыңызшы...Үнемі-үнемі еске алып тұрыңызшы, Жаным!
Ақыл аулынан қашықтап, сезім оты лапылдай өршіп, құштарлығым қоса оянып аласұрып жүрген уақытым қазір. Өзімді өзім ұмытып үлгергелі қашан?!
Егер бұлай қиналарымды, азаптанарымды білгенімде, Алладан алғашқы жолығуымыздан бастап жанымыз бен тәніміздің бірігуін тілеп, сұраған болар едім.
Мен сізге дейін өмір сүрмей келген екенмін-ау. Алғаш салалы саусақтарыңызбен жәйлап аймалай бастағаныңызда, тал шыбықтай майысқан белім денеңізге дене боп жабысып,
алғаш құшағыңызға жұтылғанымда, түбіттей жұмсақ ерініңіз үлпілдеген ұлпа қардай ерініме тиген сәттен бастап...бәрі өзгерді.
Менімен кездеспей тұрып, сіз мен жайлы қиялдайтынсыз. Қорғансыз, үркек балапан деп елестеттіңіз. Сүйттіңіз де, мен оны барлық әділетсіздіктерден, барлық жамандық атаулыдан, ыстық күннен, суық жаңбырдан қорғайтын Күші боламын деп өз-өзіңізге серт еттіңіз. Иә, сіз дәрменсіз балапаныңызды қорғаштайтын Күшке айнала алдыңыз. Алайда, неге соңына дейін емес?! Неге жарты жолда, қақаған қыста бетпақдалаға қалдырып кеттіңіз? Не деген әлсіз едіңіз. Жігіт емессіз сіз. Мігітсіз.
...Махаббат мастығынан ес жиып, жастығым көз жасыма тұншығатын түндерден енді ғана айығып, жаңа өмір бастағым келіп, өмірім мен жүрегіме басқа жанды енді ғана енгізе бергенімде, неге алдымнан Сіз шыға келесіз?! Сіз емес. Сіз жайлы ойларым... Сіз - менің өмірбойғы Кедергімсіз! Өзімшіл, менмен, өзіңізден өзгені ойлауға мүмкіндік бермейтін Кедергімсіз! Сізге деген ып-ыстық іңкәрлігім, сізге деген құмартқан құштарлығымның күші мәңгілікке қайтпай, менің түбіме жетеді ме деп те қорқамын. Жан әлемімді ауырта бермеңізші. Махаббатымды, бұрынғы "Өзімді" өзіме қайтарып беріңізші, өтінем...
© Сәлеммен, Сезім
Авторы Б.Бексары