Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамыз айында шығатын фильмдер топтамасы

Тамыз айында шығатын фильмдер топтамасы

Шілде айы "Ойыншықтар хикаясы", "Арыстан патша" және "Өрмекші адам: үйден жырақ" фильмдерімен қуантты. Ал, келер тамыз қандай жаңалықтар алып келеді?

1 тамыз
Форсаж: Хоббс пен Шоу / Форсаж: Хоббс и Шоу / Fast & Furious Presents: Hobbs & Shaw
Ел: Ұлыбритания, АҚШ
Жанр: комедия, шытырман, экшн Жас шегі: 12+

Форсаж өз жанкүйерлерін қуантып, жаңа шытырман оқиғамен экранға қайта оралды. Тек бұл жолы америкалық арнайы агент Люк Хоббс өзінің қас жауы Декард Шоумен бірігуге мәжбүр. Олардың бір келісімге келуі өте қиын. Бірақ, олардың отбасына төнген қауіп арадағы кикілжіңді уақытша ұмытып, біріге жұмыс істеуге мәжбүрлейді. 
Ремидің бастан кешкендері / Приключения Реми / Rémi sans famille
Ел: Франция
Жанр: мелодрама, шытырман Жас шегі: 5+
Көше музыканты, маймыл мен цирк итімен бірге Францияны шарлайтын Ремидің басынан кешкендерін баяндайтын фильмде небір шытырман оқиғалар, баланың шыққан тегін анықтау үшін жол табу керек сынақтар мен кездейсоқ кездесулерге куә боласыз. Отбасылық демалыс үшін таптырмайтын фильм.


7 тамыз
BTS: Bring the Soul. The Movie
Ел: Оңтүстік Корея
Ж"LOVE YOURSELF"  атты әлемдік туры аяқталған соң, BTS тобының мүшелері Париждегі қонақ үйлердің шатырында өздерінің жеке оқиғалары, жаңа қалалардан алған әсері мен қиындықтары жайында сөз етеді. Бұл әлемнің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған ARMY-ге арналған деректі фильм болмақ.
Жас шегі: 6+


8 тамыз
Дора мен жоғалған қалашық / Дора и Затерянный город / Dora and the Lost City of Gold
Ел: Аустралия, АҚШ
Жанр: отбасылық, шытырман
Жас шегі: 6+

"Саяхатшы Дора" естеріңізде шығар. Енді кішкентай балалардың сүйікті кейіпкері Дора толықметражды фильм форматында экранға оралады. Ол балалық шағын зерттеуші ата-анасының жанында ну орманда (джунгли) өткізеді. Бірақ, жабайы дала ережесі шын өмірден әлдеқайда ерекше екенін есейген шақта ұғады. Мектепте түсініспеушіліктер, бәсеке мен қызғаныш туындайды. Оның үстіне, ата-анасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетеді. Бірақ Дора көп ойланбай отбасы мүшелерін іздеуге аттанады. Мақсатына жетер жолда оны талай сынақтар күтеді.

Офелия / Ophelia
Ел: Ұлыбритания, АҚШ
Жанр: тарихи, мелодрама
Жас шегі: 16+ 
Патшалықтың басына күн туады. Бас билеуші қаза тауып, оның орнына кісі өлтіруші әрі менмен адам отырады. Тақтың заңды мұрагері Гамлет әкесінің кегін қайтармаққа бел буады. Оның тас қатқан жүрегін тек сұлу Офелия ғана жібіте алады. Махаббаттары үшін бәріне қарсы тұрған олардың, сезімі өлімді де жеңе алар ма екен?! 
Massaget.kz сайты
31 шілде 2019 ж. 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930