Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сергек камерасы бойынша биыл елордалықтарға 2 млн теңге айыппұл салынды

Сергек камерасы бойынша биыл елордалықтарға 2 млн теңге айыппұл салынды

СеÑгек камеÑаÑÑ Ð±Ð¾Ð¹ÑнÑа биÑл елоÑдалÑÒÑаÑÒа 2 млн Ñеңге айÑппұл ÑалÑндÑ
Сергек бейнебақылау камерасына түскен елордалық жүргізушілерге осы айда 266 мың теңгеден аса айыппұл салынды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Ақылды қала» жобасы аясында қалада 13 мың сергек бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 6 мыңы жолдардың бойында (400 қиылысты 12 камера, 300 учаскелік сызықты 4 камера бақылайды) орнатылса, 4 мың камера адам көп жиналатын орындарды, тағы 3 мың камера сауда, ойын-сауық орталықтарының, бизнес орталықтарының және басқа да мекемелердің маңайын бақылап тұр.

Жалпы, сергек камерасы арқылы қай көшеде қанша көліктің өтетініне талдау жасалады. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларымен қатар аталған камераның көмегімен қала көшелеріндегі бұзақылық, қылмыстық әрекеттерді де әшкерелеуге де мүмкіндік бар. Нақтырақ айтқанда, 20 метрден 100 метрге дейінгі қашықтықты алыстан түсіре алады. Бірақ магистральдер бойындағы камералар жолға қарай бұрылып тұратындықтан, көлік ішіндегі адамның түрі көрінбейді. Сол сияқты бағдаршамға аялдаған көлік межеленген сызықты басып кетіп тоқтаса, учаскеде электр қуаты болмағанда және жол сызығы нашар көрінгенде немесе учаске келісілмеген жағдайда жүргізушілер сергектің құрығына ілікпейді.

Алайда әр қозғалысты қалт жібермей бақылап тұрған сергектің аямай айыппұл салып, қалтаны қанап жатқанын айтқан жүргізушілердің бұл камераға уәжі де жоқ емес.

Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, жол ережесін бұзған астаналық жүргізушілерге осы шілде айында 266 011 теңге, ал жыл басынан бері 2 166 582 теңге айыппұл салынған.

«Егер шетелдік нөмірлі көліктер тіркелген болса, жүргізушінің мекенжайына айыппұл қағазы жіберіледі. Бірақ оның жергілікті тіркеуі болмаса, көлік анықталынбаған санатқа жатады. Айыппұл туралы мәлімет базада көлік иесі анықталғанша сақталады», – дейді мамандар.

24.kz
29 шілде 2019 ж. 566 0