Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарыз алып қажылыққа баруға бола ма? Діни басқарма жауап берді

Қарыз алып қажылыққа баруға бола ма? Діни басқарма жауап берді


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Наиб Мүфти Наурызбай Өтпенов қажылыққа қарыз алып бару туралы түсініктеме берді.

Бес парыздың бірі - қасиеті биылғы қазақстандықтардың қажылық сапары туралы баяндады.

"Биыл Қазақстаннан қажылыққа 3200 адам аттанғалы жатыр. Оларға қолдау көрсету үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан арнайы миссия құрылды. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылық құрамы, білікті имамдар, дәрігерлер, БАҚ өкілдері бар",- деп айтты Наиб Мүфти.

Ол қажылық сапарға аттанатындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 500 жуық мешітте арнайы семинарлар ұйымдастырылғанын айтты.

"Кез келген мұсылман қажылыққа барғысы келеді. Оған баруды армандайды. Қажылық кімге парыз екенін алдын ала біліп алғанымыз жөн. Алла Тағала қасиетті Құранда "кімнің жағдайы келсе, сол адам өмірінде бір рет қажылық жасасын" деген. Яғни жағдайы бар адам өмірінде бір рет баруы қажет дейді. Одан кейін қайта бара беруіне болады",- деп айтты ол.


Өтпенбаев қажылыққа бару үшін қарыз немесе көмек сұраудың қаншалықты жөн екенін айтып берді. 

"Қажылыққа бару үшін кейбір кездері адамдар бір-бірінен қарыз немесе көмек сұрайды. Шариғат мұны қолдамайды. Яғни жағдайы келген адам қажылыққа баруы керек. Қажылық дегеніміз - құлшылық. Ол барып демалатын орын емес, болмаса ел көріп келетін жағдай емес. Қажылыққа барып келіп, бір дәрежеге көтерілетін бұл мансап емес. Осыны білген жөн. Қажылыққа барған кісі ниет қылып, сол елдің талаптары мен шарттарын орындап, барынша денсаулығын күткені абзал",- деді төраға орынбасары.

Ол сапарға аттанатындардың қауіпсіздігіне кімдер жауапты екенін атап өтті.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының миссиясында 12 адам бар. Азаматтарды апаратын 18 фирманың әрбірінде бір-бір имамнан бар. Негізі фирмалар қаражатқа апара жатқан соң қауіпсіздігіне, ұшаққа, қонақ үйге жауап береді. Қосымша біздің миссиядағы имамдар мен дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, рухани жағынан көмектеседі. Екі елдің келісімі бойынша қауіпсіздік шараларының барлығы қарастырылады",- деді ол.

Оның сөзінше, қажылыққа барудан Түркістан облысының тұрғындары алда, себебі тұрғындар саны көп және облыста 800 астам мешіт бар.


18 шілде 2019 ж. 1 789 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930