Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ай жек көрем сені

Ай жек көрем сені

Ðй, жек көÑем ÑенÑ


Ай,  жек көрем сені. Неге дейсіз бе? Жәй әншейін. Жай ғана сүйіп қалу мүмкін болғанда ,жай ғана жек көруге неге болмасын ? Мүмкін ,менікі қате шығар.Әркімнің өз шындығы…(деуші еді ғой білгіштер). Сұлулықты қалай жек көруге болады ? Кәдімгідей. Әңгіме сұлулықта емес, сұлулықтың бастауында. Күннің кінәсіз сәулелерін өз бойына жамап алып, жер әлемге өзін сұлу қып көрсеткісі келеді.Көрсетіп-ақ келеді. Ол ашық күнде адасқан  соқыр ойларының ұшығына таяқ ұстатып ,түзу жолға салғысы келгендей әлеміштенген салқын қабырғаны жанарымен жалап өтті.Мұнда көзге түсер ,жалғызілікті бір нәрсе болса... Жансыз сурет.Тұман жалмаған орманның өлі тыныштығын, көкке үдере көтерілген қарғалар бұзғандай.Сәл назарын төмен құлдилата бергені сол еді ,жанарына мыжырайған ескі қоныс ілінді.Шатырын сабанмен жапқан қоныстың терезесінен шикіл жарық сығырая қарайды.Беріректе жіптей созылған өзеннің тар арнасын қос қу бауырымен сызғылай қалқып барады.Нәзік шеңберлер сырғи жөнеліп ,кейіннен өзеннің қомағай кеудесіне сіңіп кетіп жатыр.Ол өзін суретші салған тас жолды таптап тұрғандай сезінді. Айналасын қоршаған алқызыл ,көбіне солғын реңді шешектердің бояу аңқыған исі мұны тұншықтыра түседі...кейбірі, дәл шынайы өмірдегідей қанық қызыл түспен құлпырып тұр.Недеген жасандылық! Ол, ой теңізіндегі қалтылдақ қайығының басын бұра бергенде ,алапат толқындардың желкені тік көтерілді.Сезім толқыны шығар, бәлкім?! Сарғыш Ай... Көзіңді айыра алмас сұлу ,суық...тәніңе жарық бергенмен ,жаныңа жылу сыйлай алмай ,өз салқынынан өзі қалтырап түн төсінде жалғызсырап тұрғаны. Қол созымдай болғанымен ,сондай бөтен ,сонша алыс.Көңіл көкжиегіңнен биік...Жарқыраған бір қырын көрсетеді ,арғы беті жұмбаққа оранған...Кейде жымиғандай сияқтанса да ,сарғыш жүзінен салқындықтың табы білініп тұрады.Маған да ешкім шын күлуді үйретпепті ,шын жылауды білем бірақ та ...   Ол ,бұлдыр терезеден тұнық әлемге көз тастады... ...Сарғыш Ай ,сені жек көрген сәттен бастап ,ұнатып қалыппын.Сені неге жек көргенімді енді түсінгендеймін. Неге екен?

Massaget.kz
22 маусым 2019 ж. 977 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930