Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әке туралы 5 фильм

Әке туралы 5 фильм

Маусым айының үшінші жексенбісінде бүкіл әлем әкелер күнін атап өтеді. Бұл күн ресми бекітілмегенімен, оны тойлайтындар саны жыл өткен сайын артып келеді. Осыған орай кино әлеміндегі әкелер тақырыбын қозғайтын 5 туынды ұсынып отырмыз. Бақыт соңынан ергендер, 2006 "The Pursuit of Happyness" – 5 жасар баласы үшін жанын аямай еңбек ететін жалғызбасты әке туралы фильм. Сондай-ақ, бұл туынды – ұрпағының алдында үлгі болуға тырысамын деп адам сенгісіз жетістікке қол жеткізген адамның оқиғасы.  Басты рөлді сомдаған Уилл Смит  "Оскар" марапатына ұсынылған. Армагеддон, 1998 90-жылдарда атақты болған  "Армагеддон" – Жерге алып астероидтың құлауы туралы ғана емес, сонымен қатар әкесі мен қызының қарым-қатынасы туралы фильм. Бір-бірін ұғына білу қасиетінің үлкен апаттан құтқара алатынын көрсетеді. Өмір керемет, 1997 Канн кинофестивалінің Гран-приі, "Шетел тіліндегі ең үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскарға" ұсынылу және BAFTA премиясынан "Үздік ер адам рөлі" номинациясын алу, және "Сезар" сыйлығы сынды беделді марапаттарға қол жеткізген  "Өмір керемет" траги-комедиясы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Таспа Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде концлагерьге түскен азаматтың ұлына деген шексіз махаббатын "жырлайды". Әкесымақтар, 1983 Жерар Депардье мен Пьер Ришар – кинематографтағы ең үйлесімді дуэттердің бірі Бұл француз комедиясын осы екі аңыз-актер үшін көруге болады.  Васаби, 2001 "Васаби" – бұл комедия әрі криминалды драма. Басты рөлді Жан Рено сомдайды. Токиолық мафияға қарсы тұратын әке мен қыздың оқиғасы.

Massaget.kz
17 маусым 2019 ж. 1 029 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031