Қарағандылық жастар стартап жобаларды жүзеге асыруда
Мұғалімдердің айтуынша, студенттік стартап жобалардың іске асырылуы колледждерге өзін-өзі қаржыландыруға мүмкіндік береді. Еске сала кетсек, жастарға қолдау көрсету – Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретінде алға қойған 10 бағытының бірі. Ол туралы мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінде жария етті. Қарағанды облысының кәсіптік білім беру саласында «Жас кәсіпкер» атты бизнес бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Студенттер мен мұғалімдер бизнестің қыр-сырын xалықаралық сарапшылардан үйренеді. Евгений Теленков, колледж директоры: - Біз олардың білімдерін жаңа жобалар жасауға қолданамыз. Соның арқасында колледж өз-өзін қаржыландыруға мүмкіндік алады деген үміттеміз. Жүзеге асырылған жобаларды әртүрлі сала мамандары көріп, бізден үйренгілері келетін болады. Сонда ғана колледж өзіндік ауқымын жоғалтпай ғана қоймай, студенттер ел экономикасын жаңа деңгейге жеткізетініне күмәніміз жоқ.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/321790-ara-andyly-zhastar-startap-zhobalardy-zh-zege-asyruda