Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жігіттер құпиясы

Жігіттер құпиясы


Бұл айтып отырғанымыздың бәрі жаңалық деуге келмес. "Бақытқа орай" деп қояйық, ғаламшардағы әйелдеріміздің тең жартысына жуығы ерлер жайлы көп біле бермейді. Ерлер жайын толық білетін екі-ақ әйел бар. Бірі - дүниеге келмеген, екіншісі - өлген... Қалжың ғой, шындығында, ерлерді түсіну әйел баласының маңдайына жазылмаған. Десек те, бір өмірдің ыстық-суығын бірге көретін, бір жапырақ нанды бөлісіп жейтін, артыққа алданып, кемді толтыруға тырысатын сол баяғы ер мен әйел емес пе?! Бұның бәрін неге айтып отырсыз деп ойларсыз, тек, жай ғана, әйел мен ер арасында дау болмауы үшін. Олар әрқашан бір-бірін жақсы танып жүрсін деген тілекпен.
* * * * Ерлердің бәрі бірдей әйел баласының толықтығын кемшілікке санап жатпайды. Керісінше, көпшілік ерлер үшін салмағы бар сұлулар арық ханымдардан әлдеқайда артық. Сондықтан, нәзік жандылар, шектен тыс арықтаймын деп ауруға шалдығып қалып жүрмеңіздер. Сізді жақсы көретін сол еркек сол баяғынша сізді жақсы көре бермек. Және қатты толып кетпеңіздер де
. * * * * Көп ерлер өздерінің не істеп жатқандарын әруақытта жақсы біледі. Тіпті, әйел баласы басқаша ойлаған сәтте де.
* * * * Көптеген ерлер түнде жасырын жылап алады.
* * * * Ерлер өздері қаламаса да, әйелдердің барлық тілектерін орындауға әзір. Олар бар болғаны әйел баласын ренжіткілері келмейді.
* * * * Ерлер мықты әйелден еш кезде қорыққан емес.  Әйелдің бар күші мінезінде жатқан жоқ па екен?! Өкінішке орай, мұндай әйел баласы көп ерлердің ықыласына бөлене бермейді.
* * * * Егер әйел сұлу болса және бір ер онымен танысуға бел байласа, онда оның жүрек қағысы екі есе жиілеп кетті дей беріңіз.
* * * * Ерлер өздерін әйелдің айтпай алдағанын жақсы көреді...
* * * * Барлық ерлер әзіл-қалжыңды жақсы көтереді, бірақ, мазақ қылған жанды ешқашан кешпейді.
* * * * Ерлер өздерін көп нәрседе шектеп, оның орнына пайдалы әрі қажетті іс-шаруалар тауып алады. Кейбір ерлер өздерін әйел баласынан мүлдем алыстатып  тастайды. Сол арқылы өздерін сынауға кіріседі.
* * * * Ерлер сыртқы сұлулыққа қызыққанмен, ертелі-кеш жан дүниесінің әдемілігіне мән береді. Ерлер өздерін алдағылар келмейді...
* * * * Ерлер өзімшілдікті өздерінің мықтылығына санайды.
* * * * Егер бір ер мен бір әйел мейрамханаға барар болса, онда ол көп нәрседен хабар бермейді. Ер бар болғаны қарсы алдында отырған жанның лайық-лайық еместігін ойша саралап, жан сарайын танығысы келеді.
* * * * Ерлер өздерін бір емес, бірнеше әйелдің жақсы көргенін қалайды.
* * * * Ерлер өз беттерімен кез келген істі шеше береді. Тіпті, үй шаруасында да мұнтаздай тазалық орнатып жататын ерлер аз емес. Және үй шаруасында әйелдің бірбеткейлігі мен мазасыздығын ешқандай еркек көтере алмайды.       
   Massaget.kz
13 мамыр 2019 ж. 967 0