Ассамблеяның XXVII сессиясы өтті
Кеше Елордада Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Шараға өңірлерден келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлер, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестік төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдар, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шараға 1500-ден астам адам жиналды. Жиынның тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» болды. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев сессияда шетелдік инвесторларды тартуға әсер ету мақсатында Ассамблеяның шетелдік достар клубын құруды ұсынды. Сонымен қатар 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына белсене қатысуға шақырды. Ресей мен Украина арасындағы шиелініс туралы сөз қозғалып, оның бейбіт шешілгенін қалайтынын жеткізді. Шара соңы «Туған жерге тағзым» атты салтанатты концертпен жалғасты.
«Өскен өңір» ақпарат.