Жаттап алар жұмбақтар

. Жапырақтар
Қыста киімін тастайды, Көктемде киіне бастайды.
Ағаш
Eжем уыстап сығып, Далада кептiрген. Қатты әрi тәттi дәмiн, Кiм бар жеп көрген?
Құрт
Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады.
Жуа
Жолының көп азабы, Сондадағы тынбайды. Жаңалықты жазады, Көпшілікті тыңдайды.
Журналист
Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін, Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым.
Тау
Құлағы мен көзі жоқ, Жоқ тіпті қол мен аяғы. Бірақ ғажап өнерпаз, Мәнерлеп ою ояды. Қырау Қанаты жоқ ұшады, Аяғы жоқ желеді, Аузы жоқ ұлиды.
Боран
Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті. Күннің күркіреуі Көтеріліп теңізден Аспанға биік барамын. Биіктен қайта түскенде Өңі кірер даланың. Жаңбыр
Өзі шұбар, Тамағына таққаны - екі тұмар.
Шортан
Өзі аппақ қардай, Шайға салсаң балдай.
Қант
Әрі сусын, әрі дәрі , Емге ішеді жас пен кәрі. Малдың сүті ,елдің құты, Деп бағалар жұрттың бәрі.
Қымыз
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
Дастархан
Ерiксе, құйрығымен ойнайды. Зерiксе, ұйқыға бiр тоймайды.
Мысық
Жер қопарған тiсiмен, Сескенесiң түсiнен.
Қабан
Күндіз шайқасады, Түнде айқасады.
Кірпік
Ат басты, Арқар мүйізді, Бөрі кеуделі, Бөкен санды, Қос қанатты, Құмырсқа ізді, Бота тірсекті.
Шегіртке
Біз жаздық аулым қонған текшесіне, Етіктің жез қақтырдым өкшесіне. Айуанда төрт аяқты бір нәрсе бар, Бөренесін байлаған бөксесіне.
Инелік
Massaget.kz