Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КОМПЬЮТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ САҚТАЙМЫЗ?

КОМПЬЮТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ САҚТАЙМЫЗ?




Компьютерде ұзақ уақыт отыратын немесе жұмысы тікелей компьютермен байланысты адамдарға қызыл көз, бүкірейген арқа және күңгірт тері белгілері жақсы таныс. Өміріңізде мұндай жағымсыз жайлар орын алмас үшін бірнеше кеңес ұсынамыз. 

1. Кресло сатып алыңыз 

Қарапайым орындық жарамайды. Дене пішініңізді бұзып алмас үшін арнайы анатомиялық қалыптағы компьютер креслосын алу керек. Орындықтың қаттылығы орташа, ал орындықтың өзі биіктік және еңкіші бойынша реттелетін болуы қажет. Сонымен қатар, жалпақ шынтақша да артық емес. 

2. Стационарлық компьютер ноутбуктан жақсы

Денсаулық үшін стационарлық компьютер ноутбукке қарағанда тиімді. Ноутбукпен жұмыс кезінде қолыңыз асылып тұрған күйде болады, омыртқа дөңгелектенеді, ал экранға дұрыс емес градуста қарауға мәжбүр боласыз. Егер амал болмаса, ноутбукке арналған арнайы тіреуіш алыңыз. Оны монитор көз деңгейінде тұратындай етіп, бірақ 50 см қашықтықта орналастырыңыз. 

3. Қозғалыңыз 

Егер компьютерде күні бойы отыра берсеңіз, ағзадағы қан айналымы бұзылады. Әсіресе, дененің төменгі бөлігі зақымдалады. Ол геморрой, омыртқа жарығы және буын ауруларына әкелуі мүмкін. Әрдайым интеллектуалды күш салу, көз және бас сүйек бұлшықетіне күш түсіру бас ауруына және созылмалы күйзеліске алып келеді. Бұлардың барлығынан құтылу үшін 1 сағатта бір рет болса да үзіліс жасап тұру керек. Егер мүмкіндік болса, таза ауада серуендеңіз. Ғалымдардың айтуынша, 15 минуттық жүрістің өзі тағы 2 сағатқа күш береді екен. 

4. Жарық таңдаңыз 

Терезеге қарсы отырып жұмыс істемеңіз. Негізі жарықтың жасанды болғаны дұрыс. Күннің көзі оптимизм сыйлағанмен, ол тұрақсыз. Қалай десе де, жарық жетіспегеннен гөрі оның артық болғаны жақсы. Қараңғыда көз жағымсыз қарама-қарсылықпен күресуге мәжбүр болады: ашық экран мен қараңғы фон. Кешке және түнде міндетті түрде шам қосыңыз. 

5. Артықтың бәрін алып тастаңыз

Қасыңызда өзіңізбен бірге кактус немесе тамағы бар тәрелке ұстағанды ұнатсаңыз, оны алысқа ысырып қойыңыз. Үстел үстіндегі артық заттар алаңдатады және қолыңызды дұрыс ұстауға кедергі келтіреді. Қол үстелге сыю керек, әйтпесе буындар мәселесі басталуы мүмкін.
http://reactor.inform.kz
10 сәуір 2019 ж. 1 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930