Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Петропавлдық оқушылар робот-комбайн жасап жасап шығарды

Петропавлдық оқушылар робот-комбайн жасап жасап шығарды

ÐеÑÑопавлдÑÒ Ð¾ÒÑÑÑÐ»Ð°Ñ ÑобоÑ-комбайн жаÑап жаÑап ÑÑÒаÑдÑ
Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын әмбебап техниканың шағын үлгісін жасап шығарды. Кешен адамның көмегінсіз жер жырту, егін егу, тіпті қартоп қазу сынды кез келген жұмыстарды орындай береді. Яғни ол үшін бірнеше арнайы модульмен жабдықталған. Өзіңізге қажетті бағдарламаны таңдап, қашықтықтан бақылап отыруға болады. Робот-комбайнды құрастыру үшін өнертапқыштар бір жарым айдан астам уақыттарын жұмсапты. Кешен жанар-жағармаймен емес, күн сәулесінен қуат алып, жұмыс жасайды.
Арыстан Төлешов, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы: - Бұл – автоматтандырылған космостан немесе біздің ауылшаруашылықта пайдаланылатын жоба.
Біз жобаға «Викинг» атауын бердік. Ол адамсыз бүкіл ауыл шаруашылықтағы істерді орындайды. Тағы түрлі датчиктер бар. Температура датчиктері, мына веб-камера.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/307268-petropavldy-o-ushylar-robot-kombajn-zhasap-zhasap-shy-ardy
07 сәуір 2019 ж. 689 0