Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Зайсан көлінің жағасынан өлген қолтырауын табылды

Зайсан көлінің жағасынан өлген қолтырауын табылды



Ертіс өзенінің бойынан крокодил табылды. Зайсан көлінің Күршім ауданына қарасты Зайыр қонған қыстағының маңынан көктемгі каникулға келген оқушылар жуықта ғана өлген крокодилдің денесін тауып алды. Бұл туралы Алтайньюс порталы хабарлады.

Денесінің ұзындығы шамамен бір метрден асып жығылатын алып кесірткенің сырт келбетін жергілікті ғалымдар шынымен де Ніл қолтырауынына ұқсатып отыр.

Сонда қыстағы аязы минус 45-50 градусқа дейін баратын Алтайға, Африка құрлығында өмір сүретін қолтырауын қайдан келген?

Қыстақта жылқы бағып отырған Бірлік Сәуірханның айтуынша, көл жағасында ойнап жүрген балалар үйге қорқып жүгіріп келген.

"Крокодил дегенді кинодан ғана көрдік қой. Қары енді ғана ери бастаған жағалаудағы қатқақ мұздың арасында жатыр екен. Басының терісі жоқ, аң-құс кеміріп тастаған болуы керек. Басқа жерінің терісі сол күйі тұтас тұр. Күзге дейін жүріп күн суытқан кезде үсіп қалған сияқты. Алғашында жаз мезгілінде демалушылардан қалған резеңке ойыншық екен деп ойладым, бас сүйегін ұстап көрген соң ғана кәдімгі қолтырауын екеніне көзім жетті",-дейді жергілікті жылқышы.

ШҚО палеонтология орталығының аға қызметкері Денис Шуткиннің айтуынша, рептилияның  Зайсан көлі жағасынан табылуы әрине қызық құбылыс.

"Бұл Amietophrynus regularis   тобына жататын Ніл крокодилінің 3 немесе, 4 жастағы аталығы. Қазір оның біздің өңірге қалай келгенін зерттеу үстіндеміз. Зайсан жерінде талай палеонтологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, талай көне жануарлардың сүйектері табылып жатыр. Соған қарап, архозаврлар, яғни қолтырауындар да бұл жерді ежелден мекендеп келуі әбден мүмкін деген де ой туады", -дейді ғалым.

baq.kz

03 сәуір 2019 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (8740)

15 қараша 2019 ж.

№88 (8739)

12 қараша 2019 ж.

№87 (8738)

08 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам