Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері теңге тұрақты

Жыл басынан бері теңге тұрақты


Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ұлттық валюта тұрақты екенін мәлімдеді. 

«2019 жылғы қаңтарда айлық инфляция 0,5% болды. 14 қаңтарда ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25 деңгейінде сақтады. Базалық мөлшерлеме деңгейі инфляцияның 4,6% жаңа дәлізде болуын қамтамасыз етеді. Жыл басынан бері долларға теңге бағамының ұлғаюы байқалады. 8 ақпанда теңге бағамы 1,4% ұлғайып, бір доллар үшін 178 теңге 73 тиын болды», - деді Ақышев. 
Ұлттық банк төрағасы теңгенің нығаюуына көрші жатқан Ресейдегі рубльдің нығаюы ықпал етіп отырғанын айтты. 
«2018 жылы ұлттық валютамен ашылған депозиттер 4,5% өсті. Сондай-ақ, доллармен ашылған депозиттер 7% төмендеді. Депозиттерді долларландыру желтоқсан айының соңында 48% болды», - деді ол. 
Данияр Ақышевтың айтуынша кредит нарығы қалпына келтірілуде. 
«Кредит беру нарығы қалпына елуде. Өткен жылы жаңа кредиттер бері 24% немесе 2,16 трлн теңгеге өсті. Экономиканы несиелендірудің жылдық өсімі 7% немесе 884 млрд теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорындарға несие берудегі мөлшерлеме жыл басында 13,2%, желтоқсанда 11,7% дейін төқмендеді», - деді Ақышев.

baq.kz
12 ақпан 2019 ж. 1 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930