Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Израиль ғалымдары терінің жарақатын тез жазатын спрей ойлап тапты 

Израиль ғалымдары терінің жарақатын тез жазатын спрей ойлап тапты 



Израиль ғалымдары теріні қалпына келтіретін спрей ойлап тапты. Оның көмегімен күйік пен зақымданған теріні ауыртпалықсыз емдеуге болады. Сонымен қатар спрей ауруды бәсеңдетіп, жараның жылдам жазылуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ғалымдардың жаңалығы сынақтан өту үшін Израиль мен Еуропа елдерінің ауруханаларына жіберілді. Жоба авторларының айтуынша, медициналық спрей 2019 жылдың ортасында іс жүзінде кеңінен пайдаланылып, нарыққа шығады деген жоспар бар.  Йозеф Хаик,  ұлттық күйік орталығының директоры: - Біз спрей арқылы жараны тиіспей таңғыш тартамыз. Науқас кейде не істеп жатқанымызды да сезбей қалады. Тек ем аяқталуға жақын қалғанда ғана терідегі өте жұқа қабатты байқауы мүмкін. Зақымданған жерлерді жабу арқылы біз ауыртпалықты азайтып, емнің тиімділігін арттырамыз.

www.24.kz
28 ақпан 2019 ж. 1 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930