Немересін құтқарып қалу үшін өз өмірін қиды
Нью-Мексико штатында автокөлік таудан құлаған сәтте немересін құтқармақ болған ер адам мерт болды, деп хабарлайды Daily Mall.
63 жастағы Джерард Гринаф пен оның 13 жасар немересі джип көлігімен жартасқа тіреліп тұрып қалған. Оны тар жерден шығармаққа әрекеттенген шақта жоғарыдан тастар домалап, автокөлікті 45 метр биіктіктен сырғытып әкеткен. Гринаф көлік құлаған кезде соққыны өзіне қабылдау үшін баланы кеудесіне қысып алған.
Оқиға орнына жақын маңда жүрген дәрігер ер адамға алғашқы көмек көрсеткенімен, оны ажалдан аман алып қала алмады. Ал немересі көп қан жоғалтқан, бұғанасы сынып, омыртқасына зақым келген, алайда ішкі органдары жарақаттанғанмен тірі қалды.
Ауруханаға жеткізілгенда баланың жағдайы біршама жақсарған.
inform.kz