Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Марко Рубионың ұшағы техникалық ақауға байланысты АҚШ-қа оралды

Марко Рубионың ұшағы техникалық ақауға байланысты АҚШ-қа оралды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бүгін басталатын қауіпсіздік жөніндегі конференцияға қатысу үшін Мюнхенге ұшуы тиіс болған, деп хабарлайды ВВС.  Ұшақ бортында болған CBS News тілшісі Маргарет Бреннанның хабарлауынша, ұшып шыққалы шамамен 90 минут болғанда кабинаның алдыңғы әйнегінде жарықшақ пайда болып, ұшқыштар төмен биіктікте Эндрюс әуе күштері базасына қайтып оралуға мәжбүр болды. Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс Рубио Германияға, одан кейін Таяу Шығысқа басқа ұшақпен ұшатынын хабарлады. 
— Мюнхен конференциясында Рубио АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнспен бірге Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуі тиіс еді. Алайда Рубионың Мюнхендегі бұл кездесуге үлгеру-үлгермеуі белгісіз, - деп жазды CBS News. Еске сала кетсек, қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы (Munich Security Conference, MSC) Германияның Мюнхен қаласында 14-16 ақпан аралығында өтеді.



14 ақпан 2025 ж. 1 705 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9319)

14 шілде 2025 ж.

№51 (9318)

12 шілде 2025 ж.

№50 (9317)

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031