Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдың валюта қоры 3,21 триллион долларға дейін өсті

Қытайдың валюта қоры 3,21 триллион долларға дейін өсті

АСТАНА.KAZINFORM - Бұған Қытайдың Мемлекеттік валюта басқармасы (SAFE) жариялаған мәліметтер дәлел, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 2025 жылдың қаңтар айының соңындағы жағдай бойынша Қытайдың валюталық қоры 2024 жылдың желтоқсан айының соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда 6,7 миллиард долларға немесе 0,21%-ға артып, 3,209 трлн доллар болды.
- АҚШ долларының индексі өткен айда төмендеді. Ал әлемдік қаржы активтерінің бағасы жетекші экономикалардың макроэкономикалық деректері мен ақша-несие саясатының әсерінен өсті, - делінген Қытай реттеушісінің мәлімдемесінде. Мәлімдемеде сондай-ақ қаңтарда валюта қорының ұлғаюы валюта бағамын ауыстыру мен актив бағасының өзгеруі әсерінен болғаны айтылған.
- Қытай экономикасы тұрақты жұмыс істеу және жақсарту тенденциясын сақтауда, бұл елдің валюталық резервтерінің тұрақты көлемін қамтамасыз етеді, - деп атап өтті Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік валюта комитеті. Қытайдың алтын қоры 73,45 миллион унцияға дейін өсті. Қытай «Бір белдеу, бір жол» бастамасына Панаманың қатысудан бас тартуына жауап бергенін жазған болатынбыз.




09 ақпан 2025 ж. 189 0