Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Солтүстік Корея биыл алғашқы зымыранын ұшырды

Солтүстік Корея биыл алғашқы зымыранын ұшырды

АСТАНА. KAZINFORM – КХДР Жапон теңізіне қарай (болжам бойынша) баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы Жапонияның жағалау күзеті хабарлады, деп жазды ТАСС ақпарат агенттігі. Жапон қоғамдық телеарнасының хабарлауынша, зымыран Жапонияның Жапон теңізіндегі ерекше экономикалық аймағынан тыс жерге құлаған. Қандай да бір шығын туралы ақпарат түскен жоқ. Жапондық бақылаушылар аймақтағы кемелерді зымыран қалдықтарын байқаса, оларға жақындамай, дереу билікке хабарласуға шақырды. Жапон премьер-министрі Сигэру Исибаның кеңсесінде Пхеньянның зымыран ұшыруы туралы ақпаратты жинау және талдау үшін дағдарысқа қарсы штаб жұмыс істей бастады. Исиба сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомстволарға жергілікті халықты жағдай туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз етіп, аймақтағы кеме қатынасы мен азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл Солтүстік Кореяның 2025 жылы алғашқы зымыран ұшыруы болды. Соңғы рет Пхеньян зымыранды өткен жылдың 5 қарашасында ұшырған. Осыған дейін Солтүстік Кореяның 31 қазан, бейсенбі күні Жапон (Шығыс) теңізіне қарай құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырғанын растағаны туралы жаздық.

06 қаңтар 2025 ж. 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (9329)

19 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031