Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияның қару-жарақ зауытында жарылыс болды

Түркияның қару-жарақ зауытында жарылыс болды

Түркияның қару-жарақ зауытында жарылыс болдыТүркияның батысындағы Балыкесир қаласында жарылғыш заттар шығаратын зауытта күшті жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 12 адам қаза тауып, кәсіпорынның тағы 5 қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz. Оқиға туралы провинция губернаторы Исмаил Устаоғлы хабарлап, зауытта барлығы 630-ға жуық адам жұмыс істейтінін мәлімдеген.
Жарылыстың себебі  анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр. Жергілікті билік күшті жарылысқа себеп болған жағдайлар мен факторларды анықтау үшін жақын арада сараптама жүргізілетінін хабарлады.
«Жарылыстың себептерін тергеу бастапқы сатыда және террористік акт немесе оқиғаның басқа себептері туралы болжау әлі ерте. Біз қаза болған адамдардың туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», деді губернатор.
Сонымен бірге бұл оқиға қоғамда жарылғыш заттарды өндірумен байланысты кәсіпорындардағы қауіпсіздік шараларына қатысты пікірталас тудырған. Жергілікті тұрғындар да зауыттың елді мекендерге жақын жерде орналасқанын,  ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтып, алаңдаушылықтарын білдірген.
 
24 желтоқсан 2024 ж. 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9280)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (9279)

15 ақпан 2025 ж.

№11 (9278)

11 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728