Еуропада Санта-Клаустар жарысты
АСТАНА. KAZINFORM — Санта-Клаустардың жыл сайынғы қайырымдылық жарыстары бүкіл Еуропада өтті, деп хабарлайды Kazinform euronews-ке сілтеме жасап. Францияда қатысушылар қызғылт-ақ қалпақпен, ал Мажарстанда қызғылт-ақ шомылу киімін киіп жүгірді.
Рождестволық киім киген түрлі жастағы бес мыңға жуық адам Приштиндағы аурухананың балалар бөліміне ақша жинау үшін Косовода жыл сайынғы марафонда жүгірді.
Осы арада, Францияда жүгірушілер Париждің оңтүстік-батыс шетіндегі Исси-ле-Мулинода 10 шақырымды бағындырды. Шараны ұйымдастырушылар мыңдаған қатысушыларға қызғылт-ақ қалпақ пен жамылғы таратты. Аяз аталардың арасында бір Гринч де болды.
— Гринч — бұл Рождествоның рухы. Ақырында, бұл оқиға көңілді аяқталады. Ол жаман Гринч емес, мейірімді Гринч! — дейді жарысқа қатысушылардың бірі, маркетолог Филипп Лалер. Ал Венгрия астанасы Будапештте қатысушылар қызғылт-ақ шомылу киімін киіп жүгірді.
— Шараны алғаш көргенде, бұл маған арналған орын екенін сезіндім және қателеспедім. Бұл бізге ғана емес, өтіп бара жатқан адамдарға да керемет әсер қалдыратын тамаша мереке, — деді жарысқа қатысушы Клара Мичан. Санта-Клаустар жарысы 21 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Қатысушылар төлеген жарналар қайырымдылыққа жұмсалады. Айта кетейік, бұдан бұрын Үнді мұхитындағы Францияға тиесілі Майотта архипелагында «Шидо» атты жойқын цилоннан соң Макрон ұлттық аза тұту жариялайтыны анықталды.