Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияның негізгі метеорологиялық спутнигі істен шықты

Жапонияның негізгі метеорологиялық спутнигі істен шықты

KAZINFORM – Жапонияның Химавари-9 метеорологиялық спутнигі инфрақызыл суреттерді жіберуді тоқтатты. Бұл туралы елдің Ұлттық метеорологиялық департаменті хабарлады.
Мәселе жер бетін инфрақызыл сәулелер арқылы бақылауға байланысты суреттерді жіберу кезінде орын алғаны атап өтілді.
– Зақымданғанына қарамастан, Химавари-9 спутнигінің басқа маңызды функциялары жұмыс істеп тұр. Спутник тайфун, қатты жаңбыр және жел сияқты табиғи апаттар туралы ескертуге қажетті ақпаратты беруді жалғастыруда, – делінген хабарламада.
Елдің метеорологиялық басқармасы ақаудың себебін білмейтінін және оның қашан жөнделетінін айта алмайтынын жеткізді. Қоса кетейік, Starlink интернет спутниктерінің 200-ші партиясы орбитаға шықты.
12 қараша 2024 ж. 1 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031