Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда пойыздардың соғысу себебі айтылды

Үндістанда пойыздардың соғысу себебі айтылды



Үндістандағы пойыздардың соғысуына электронды дабыл жүйесіндегі қателік себеп болды. Соның салдарынан пойыз жолды дұрыс ауыстырмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Euronews агенттігінің мәліметінше, мұндай деректі Үндістанның теміржол көлігі министрі мәлім еткен. Ал ел Премьер-Министрі кінәлілер жазаға тартылатындығына уәде беріп отыр. Қазіргі уақытта тергеу пойыз апатына кінәлілерді анықтап жатыр.

Қайғылы оқиға жұма күні елдің шығысындағы Одиша штатында, Баласор қаласы ауданында болған. Нақтыланған деректерге сәйкес, 3 пойыздың соғысуы салдарынан 300-ден астам адам мерт болған. Дегенмен, ел билігі қаза тапқандардың саны артуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды. Мұнан бөлек, жүздеген жолаушы жарақат алған.

2 маусым күні болған апат Үндістан тарихындағы адам шығыны бойынша үшінші теміржол апаты саналады. 1981 жылдың 6 маусымында Бихар штатында жолаушылар пойызы өзенген құлаған еді. Соның салдарынан кемінде 750 адам мерт болған. Ал 1995 жылдың 20 тамызында Уттар-Прадеш штатында «Пурушоттама экспресі» жолда тұрған жолаушылар пойызына соғылып, 350-ден астам адам қаза тапқан болатын.

Осыған дейін Үндістанда бірнеше пойыз соқтығысып, 288 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.
05 маусым 2023 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930