Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 105 жастағы әжей жүгіруден әлемдік рекорд орнатты

105 жастағы әжей жүгіруден әлемдік рекорд орнатты

«Дауыл» лақап атымен танылған Джулия Хоукинс 105 жасында 100 метрлік спринт қашықтыққа жүгіруде жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды «Хабар 24». Егде жастағы спортшы Луизиана штатының Хаммонд қаласында өткен ересектер ойындарында рекорд орнатып, жүз метрді 1 минут 2,95 секундта жүгіріп өтті. Бұл оның жас санатында ең жақсы нәтиже. «Өте тамаша! Денсаулықты ойлаңыздар, жүгірумен айналысыңыздар. Шамам келгенше жүгірумен айналса беремін. Бұл өте көңілді, маған ұнайды», – деді спортшы жетістігінен кейін. Айта кетейік, Хоукинс бұрын велоспортпен айналысқан және сол кездерде көптеген марапаттарға ие болған. Алайда уақыт өте келе сүйікті ісінен бас тартуға мәжбүр болды. Велосипед педальдарын айналдыру қиындық тудырған соң, әжей жүгіру спортын таңдаған.  

https://24.kz​​​

11 қараша 2021 ж. 808 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031