Францияда дәмхана мен мейрамханалар ашылды
Францияда да бүгін шектеулер жеңілдетілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Ел біртіндеп қалыпты тіршілігіне орала бастады. 68 млн халықтың 42%-і екпенің алғашқы дозасын салдырған, ал әр бесінші тұрғын толығымен вакциналаудан өтті. Бүгін кафе мен мейрамханалар ашылды. Осыған дейін жұрт террассаларда тамақтанатын. Спортзалдар да жұмыс істей бастады. Жыл басынан күшінде болған коменданттық сағат алынған жоқ, бірақ мерзімі екі сағатқа қысқарды. Енді сағат кешкі 23:00-ге дейін көшеге шығуға рұқсат. Билік өкілдері үш аптадан кейін коменданттық сағатты мүлдем алып тастауға уәде берді. Дегенмен, музей, театр, кинозал мен сауда орталықтарына кіретін халық саны шектеулі. Бүгіннен бастап санитарлық төлқұжат күшіне енді. Ол ұялы телефондағы қосымшада сақталады. Үлкен концерт, футбол ойыны, яғни, бір мыңнан артық адам жиналатын кез келген жерге бару үшін осы құжат қажет. Оған ие болу үшін вакцина салдыру міндет емес, ПТР-тест жеткілікті. Блиц 1: - Тіршіліктің қайта жанданғаны қуантады. Десе де, сақтық шараларын ұмытпау қажет. Блиц 2: - Бір жыл бойы дәмханаға барып, достарымызбен көрісе алмадық. Бүгін міне, ағам-жеңгеммен бірге бір жыл бойы болмаған сүйікті дәмханамызға бара жатырмыз. Блиц 2: - Бостандығымыздан айырылғандай күй кешіп ек. Енді қайтадан еркіндік берілгендей. Бірақ әрі қарай не болатыны белгісіз. Індеттің жаңа толқындары болмайды деп үміттенем.
https://24.kz
https://24.kz