Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шанхайда дрон шоуында әлемдік рекорд жаңарды

Шанхайда дрон шоуында әлемдік рекорд жаңарды

Видеодан кадр
Genesis кореялық премиум автомобиль бренді Қытайда жарық шоуын ұйымдастырып, Гиннестің жаңа әлемдік рекордын орнатты, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы Genesis сайтына сілтеме жасап.
Hyundai Motor-дың қосалқы бренді Genesis компаниясы Қытайға нарығына келуін атап өтті. Компания Шанхайда өзінің логотипін жасау үшін 3 281 дрон қолданды. Шоу кезінде "әуеде бір уақытта ұшқышсыз ұшақтардың ең көп саны" болғаны үшін Гиннестің әлемдік рекорды орнатылды.

"Genesis-тің негізінде өзгеше әрекет етуді көздейтін батыл рух жатыр. Қытайға алғашқы сапарымыз біздің аудиториямызбен сөйлесуге ерекше мүмкіндік болды. Дрондардың осы рекордтық сипаттамаларының арқасында біз көптеген қытайлық тұтынушы үшін брендтің тарихы мен философиясын түсіндірдік", - деді Genesis Motor China компаниясының бас директоры Маркус Хенне.
07 сәуір 2021 ж. 516 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031