Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Екінші дүниежүзілік соғыс заманынан қалған бомба жарылып кете жаздады

Екінші дүниежүзілік соғыс заманынан қалған бомба жарылып кете жаздады

BAQ.KZ. Ұлыбританияның Эксетер университетінің маңында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері сақталған, ұзындығы екі метрге жететін снаряд табылды.

Құрылыс алаңынан Екінші дүниежүзілік соғыс заманынан бері сақталып қалған авиациялық бомба табылғаннан кейін Эксетерден екі мың адам эвакуацияланды.

Бұл туралыс жергілікті полицияның Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

Бірнеше мың адамды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары аяқталды, - делінген хабарламада.
Ал полицияның Facebook-тегі парақшасында эвакуацияланғандардың 1,4 мыңы Эксетер университетінің студенттері екені айтылған.

Жалпы операция барысында 2 мыңнан астам үйде эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек көлік қозғалысы шектелді.

Полицейлердің мәліметінше, бомба арнайы әскер бақылауына берілген.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Ұлыбританияның корольдік әскерінің базасында орналасқан Эксетер Люфтваффе тарапынан жаппай бомбаланған көрінеді.
28 ақпан 2021 ж. 509 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031