Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көздің көру қабілетін жақсарту үшін күніне үш минут жеткілікті. Офтальмолог кеңесі

Көздің көру қабілетін жақсарту үшін күніне үш минут жеткілікті. Офтальмолог кеңесі

Көздің көру қабілетін операциясыз-ақ жақсартуға болады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ол үшін күніне бірнеше минутқа созылатын гимнастика жасау жеткілікті. Бұл туралы жапониялық офтальмолог Руи Хирамацу айтты, деп жазады abc.es. Маманның алғашқы кеңесі – Габор дақтары деп аталатын жаттығу. Яғни айырмашылықтарды табуға арналған суреттер. Оған күніне үш минут бөлудің өзі жеткілікті. Дәрігердің сөзіне қарағанда, осы тәсіл арқылы көздің көру қабілетінің жақсара бастағанын екі аптаның ішінде байқауға болса, ал 28 күннен соң анық сезіледі. Екінші тәсіл – термотерапия. Ол үшін бет орамалды аздап ылғалдандырып, сосын микротолқынды пеште 30-40 секунд жылытып алу керек. Сол мата суып қалғанша көзді жауып жату керек. Офтальмолог асжапырақтың (шпинат) пайдасы көп екенін де алға тартты. Бұл өсімдік катаракта мен сары дақтың бүлінуінің алдын алады.

24 ақпан 2021 ж. 482 0