Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Австрияда локдаун 7 ақпанға дейін ұзартылды

Австрияда локдаун 7 ақпанға дейін ұзартылды



Австрияда коронавирус жағдайына байланысты локдаун режимі 7 ақпанға дейін ұзартылды. Бұл туралы Австрия канцлері Себастьян Курц мәлімдеді. «Біз локдаунды ұзартуымыз керек. Сондай-ақ үйден шығуды шектеуіміз қажет. Сарапшылардың айтуынша, індеттің жеті күндік көрсеткіші 50-ге дейін жеткенде ғана ашыла бастаймыз», - деді ол. Курцтың айтуынша, бұл дегеніміз, Австрияда күнделікті коронавирус жұқтырғандар саны 700-ден аспауы керек. Бұл ретте қоғамдық тамақтану орындары мен қонақүйлер ақпанның аяғына дейін жабық болады. Сондай-ақ ол азаматтарды қажетті екі метрге дейінгі қоғамдық арақашықтықты одан әрі ұзартуға шақырды. Оның айтуынша, локдаун елде коронавирустың британдық және оңтүстікафрикалық штамдардың анықталуына байналысты ұзартылған. Австрияда карантиннен шығу 8 ақпаннан бастап кезең-кезеңмен басталады. Алдымен сауда үйлері, қызмет көрсету орындары, мектептер мен музейлер ашыла бастайды. Австрияда үшінші локдаун 26 желтоқсаннан 18 қаңтарға дейін енгізілген болатын.
01 ақпан 2021 ж. 790 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31